Алматыдан облысқа кеткен тұрғындарға 14 күндік үй карантині міндетті Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Алматыда жұмыс істейтін, шекараның жабылуына байланысты Алматыдан шығып кеткен облыс тұрғындары үшін 14 күндік міндетті үй карантині туралы жарлық қабылданды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Алматыда жұмыс істейтін және шекаралардың жабылуына байланысты Алматыдан шығып кеткен Алматы облысының тұрғындары үшін 14 күндік міндетті үй карантинін енгізу туралы жарлық қабылдады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қайрат Баймұхамбетов қол қойған құжат Алматыдан кеткен барлық тұлғаларды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді.

Оларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон арқылы бақылайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған