Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, – деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Бүгінге 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы – орташа ауыр. Қазіргі уақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1 108 адам үй карантинінде», – деді Әбілдаев.

Екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылады.

«2018 жылғы қызда жөтел бар, рентген оң жақты пневмония екенін көрсетті», – деді алматылық дәрігерлер.

Еске салайық, мұның алдында екі жасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған