Алматыда студент жастар арасында футболдан турнирі өтеді Бір күндік турнир мини-футбол жүйесі негізінде 5+1 форматында өтеді.

«Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында Алматы қаласындағы студент жастар арасында футболдан турнир өтеді.

28 қыркүйек, сағат 09:30-да «Спартак» (Горкий атындағы орталық саябақта орналасқан) футбол алаңында өтетін турнирге  жоғары оқу орындарынан жасақталған 16 команда қатысады. Бір күндік турнир мини-футбол жүйесі негізінде 5+1 форматында өтеді. Жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

1 орын – 500 000 теңге

2 орын – 300 000 теңге

3 орын – 200 000 теңге

Үздік ойыншыларды марапаттау және турнирге қатысушы жастарды сумен, тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған