1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбул – Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. Ертесінде көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласына келген. Қазіргі кезде ол стационарлық карантинге жатқызылған. Жағдайы орташа.

Министрлік бастапқыда Талдықорғанда коронавирус табылды деп хабарлап, кейінірек «Алматы облысы» деп өзгертті.

Осылайша Қазақстанда науқастардың саны 53-ке жетті. Алматыда – 22 адам, Нұр-Сұлтанда – 28 адам, Қарағандыда – 2 адам, Алматы облысында 1 адам емделіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған