Алғаш рет әлем чемпионы атанған қара нәсілді боксшы Джон Артур Джонсон 31 наурыз 1878 жылы Галвестон, Техас жерінде дүниеге келіп, 10 маусым 1946 жылы АҚШ-та өмірден озды.

1908 жылы АҚШ-та афроамерикалық азаматтарға қысым қатты болып тұрған сәтте ауыр салмақтағы Джек Джонсон (70-11-11, 35 KO) атты спортшы кәсіпқой бокста канадалық Томми Бёрнсты жеңіп, «әлем чемпионы» атағын жеңіп алды. ⠀

  • Әлем чемпионы атағын қара нәсілді боксшының иелік етуі, ақ нәсілділердің наразылығын тудырып, онымен қарсы шыққан қарсыласты «ақ нәсілділердің үміті» ретінде бағаланды. Бірақ ақтардың өкінішіне орай, Джек Джонсон әрбір кездесуінде жеңіп жатты. ⠀
  • Джек Джонсонның кезекті жеңісіне тосқауыл болу үшін, АҚШ-тағы ақ азаматтар экс-әлем чемпионы, мансабында жеңілмеген Джеймс Джеффриске қайта бокс мансабын жалғастыруды талап етті. ⠀
  • 1910 жылы 4 шілдеде қара немесе ақ боксшы мықты ма деген күрмеудің жібін шешу үшін, Джек Джонсон мен Джеймс Джеффрис бокстасты. Көптеген жанкүйерлер Джеймс Джеффристы жақтаса да, қара нәсілді Джонсон 15-раундта ұтып кетті. Салдарынан 25 штатта афроамерикалықтар мен ақ нәсілділердің арасында жаппай қақтығыстар өтіп, 20 адам (100-ден аса жарақат) қаза тапқан.⠀
  • Аталмыш жекпе-жек жайлы бірнеше рет кино, деректі фильмдер түсірілген.

Қанат Байұзақ (Фейсбук парақшасынан алынды)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған