Аста-төк тойларға тыйым салынады Өзбекстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап парламент қабылдаған «Үйлену, отбасылық тойларды және еске алу шараларын өткізу тәртібі жөніндегі» қаулысы күшіне енеді.

Ондағы тәртіпке сәйкес, салтанатты шара таңғы сағат 6-дан кешкі 11 арасында өтуі тиіс. Бірақ мұның марқұмды соңғы сапарға шығарып салу шарасына қатысы болмайды. Бұдан бөлек жергілікті әкімдер, мәслихат депутаттары той өткізу уақытына өзгеріс енгізе алады.

Құжатта отбасылық шараға 200-ден артық адамды жинамауға кеңес берген. Үйлену тойына шақыру 250 адамнан аспауы тиіс, ал аспаздық шараларға 300-ге дейін адам шақыруға болады. Той ұйымдастырушылар шара өткізетінін бір апта бұрын жергілікті билікке ескертуі қажет.

Сонымен бірге қаулыға сәйкес, ұлттық дәстүрге қайшы келетін шоуларды өткізуге тыйым салынады. Мұнан бөлек адам о дүниелік болған кезде өткізетін жетісі, бейсенбілік намаз, қырық, жүз күн және жылдық асы деген секілді еске алу шараларына тыйым салынған.

Дереккөз: centralasian.org

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған