Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тағайындалмайды? Атаулы әлеуметтік көмек – әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, әсіресе, көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

1. Ол отбасының әр мүшесіне шаққанда орташа айлық табысы 20 789 теңгеден немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын тұлғаларға тағайындалады.

Егер үйде екі адам болса, табысыңыз 20 789 теңге х 2 = 41 578 теңгеден аз болса, атаулы көмек алуға құқығыңыз бар. Мысалы: Отбасына айында 160 000 теңге табыс түсетін болса, ал сіз төрт баланың ата-анасы болсаңыз, әр адам басына 26 666 теңге (160 000 / 6) шығады. Мұндай жағдайда АӘК тағайындалмайды.

Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмек критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін көтеріледі, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін.

1 сәуірден бастап отбасының табысына келесілер есептелмейді:

  • Көпбалалы отбасылардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы (10 504 теңге);
  • «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлерінің мемлекеттік жәрдемақысы (16 160 теңге);
  • Баланың мүгедектігі бойынша тағайындалған жәрдемақысы;
  • Студенттердің стипендиясы;
  • Жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен берілетін бір реттік әлеуметтік төлемдер.

2. Отбасының табысын есептеуде ата-әжелердің зейнетақылары ескеріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға сәйкес, АӘК тағайындауда отбасы мүшелеріне бірге тұратын жақын туыстарының табыстары қосылады. Ата-аналары, балалары, асырап алған ұл-қыздары, туған немесе әкесі/шешесі бөлек аға-іні, әпке-қарындастары, ата-әжелері, немерелері (…) жақын туыстары саналады. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасына кіретін табыстың барлық түрі, оның ішінде зейнетақы төлемдері де есептеледі.

3. Әр балаға тиесілі 21 мың теңгені барлық көпбалалы отбасы ала алмайды. 

АӘК алушыларға 20 789 теңге көлеміндегі жәрдемақының кепілдендірілген төлемі 18 жасқа дейінгі балаларға ғана төленеді. Егер бала орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және ЖОО кейінгі білім алу ұймдарының күндізгі бөлімінде оқитын болса, кепілдендірілген төлем оларға оқуды аяқтаған мерзімге дейін төленеді (алайда 23 жастан жоғары болмауы тиіс).

4. Тіркеуде тұрмағаны үшін де атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуы мүмкін.

Бүған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова: Егер отбасы бір мекен-жайға тіркеліп, алайда нақты тұратын мекен-жайы басқа болса, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары АӘК тағайындаудан бас тарта алады және ол заңды. Өтініш беруші мұндай жағдайда бірінші кезекте көші-қон заңнамасын бұзып отыр. әселен, сіз Нұр-Сұлтанда тіркелдіңіз, алайда Қосшыда тұрасыз. Біз мұндай адамдарды қабылдай алмаймыз. Өйткені біздің учаскелік комиссия қаланың сыртына шыға алмайды. Ал, ол Нұр-Сұлтанда тіркелгендіктен Қосшыда да оның құжаттарын қабылдамайды. Біз мұндай азаматтарға тұрғылықты мекен-жайы бойынша уақытша тіркеуге тұруға және сол мекен-жайдағы әкімдікке баруға кеңес береміз, – дейді Informburo.kz-ке берген пікірінде.

Материал Электрон үкімет порталының және informburo.kz мәліметі негізінде даярланды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған