Іс-шараның мақсаты «Алтын Орданың» тарихын мектеп жасына дейінгі балаларға қызықты, әрі түсінікті етіп жеткізу еді. Оқу қызметінде балалар өздерін сол «Алтын Орда» ұлысының батырындай көрсете білді.

Семинарға қалалық  мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің  басшысы Масақбаева Лунара Тұрсынқызы және әдіскері Гүлназ Серікқызы мен Алматы қаласының  балабақшаларынан  педагогтар келді. Семинарды КМҚК «№37 бөбекжай –балабақшасының»  мектеп алды  даярлық «Сұңқар» тобы «Денсаулық» білім беру саласы, дене шынықтыру оқу қызметімен ашты.

Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдадық.

Балалар өздерін жауынгер ретінде қабылдап шайқас көрсете отырып, қылышпен шайқасып оқу қызметтің көркін аша түсті. Хас батыр ретінде негізгі жаттығуларды жасап, денелерін шынықтырды. Негізгі қимылда  «Жекпе- жек», «Туыңды тік» ойындары ойнатылып, ғажайып сәтте сүйінші  сұралып, әжей Алтын орданың төл теңгесін таратты. Оқу қызмет соңына қарай бүлдіршіндер өнерін көрсетіп, педагогтар  шеберлік сыныпқа қатысып, семинарда тәрбиеленушілер  өз өнерін көрсетіп, педагогтар өздері  тіккен қуыршақтарына жан бітіріп  музыкалық нөмір көрсетті. Алматы қаласының балабақшаларынан келген  педагогтар ой бөлісті. Қонақтар өз ойларын еркін жеткізіп шын жүректен алғыстарын білдірді.

КМҚК «№37 бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісі

Алимбекова Айнур Батырбекқызы 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған