«Биылғы жаз 3 миллион 57 мың мектеп оқушысы үшін өзгеше болмақ. Себебі биылғы жазғы демалысты ұйымдастырудың өзгешелегі бар. Балаларды қорғау комитеті негізгі үш бағытты атады. Бірінші бағыт – лагерь жұмысын ұйымдастыру. Екінші бағыт – белгілі бір санаттағы балаларға лагерь ұйымдастыру. Үшінші бағыт – қауіпсіздікпен қамтамасыз ету», – деді БҒМ Балаларды қорғау комитетінің төрайымы Юлия Овечкина.

Оның айтуынша, балаларды сауықтыру лагері мен кешендерінің ашылу мәселесін жергілікті атқарушы органдар шешеді, – деп жазады Tengrinews.kz.
«Балалар лагері 8 маусымнан бастап 2 өңірде, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, 20 маусымнан бастап тағы 2 өңірде ашылады. Алматы қаласынан тыс аумақтардағы лагерьлердің жұмысын тоқтату туралы шешім шықты. Болжам бойынша, 12 154 лагерьдің 65 пайызы жұмыс істейді», – деді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған