Төменде көрсетілген мамандық иелері – болашақтың мамандықтары.

Виртуалды әлем дизайнері

Бұл мамандық виртуалды әлемнің және VR саласының дамуына үлес қосты. Виртуалды әлем жаңа бағыттарды ұстанып, жаңа салаларда да кеңінен қолданылу үстінде. Уақыт өте келе адамдар виртуалды әлемге деген бөлетін уақыты мен құштарлығы артып келеді. Виртуалды ақиқат компьютерлердің көмегімен мүлде басқа кеңістікте болу иллюзиясын жасайды, жасанды бейнелер мен дыбыстар арқылы сезім мүшелерін елітіп, мұның шын болып жатқан тәжірибе екеніне миды сендіреді. Қазірде бұл мамандық иелеріне ұсыныс көп. Мамандықтың басты міндеті- виртуалды әлемді адам қалауымен әрлей білу.

Робоэтика маманы

«Болашақта адамдардың орынын роботтар басады»,- деген шындыққа айналып барады. Дамыған мемлекеттерде қазірдің өзінде адамдар айналысатын қарапайым жұмыстарды роботтар істеуде. Бұл адам мен робот арасындағы қатынастың біршама жоғарғы деңгейге шығуын талап етеді. Соған орай Робоэтиканы дамыту үшін инженерлер аянбай еңбек етуде. Робоэтика маманы коммуникация, философия және этиканы білуі тиіс. Бұл мамандар алдағы роботтар дәуірінде адамдар мен «жасанды» интеллект арасындағы моральдық және этикалық нормаларды жасап, бәсекелестік ортадағы әркімнің құғын белгілейтін болады.

Биохакер

«Биохакинг» термині ең алғаш ғылымға 1988 жылы кірген болатын. Биохакингтің ең негізгі мақсаты – адам өз биологиялық ерекшеліктерін, генетикасын өзіне ұнайтындай етіп, ыңғайлап жасап алуында. Болашақта бұл саланың көмегімен адамдар өмірін ұзартып, тіпті «бір ғасырдан астам» өмір сүретін ойлары бар. Биохакинг калория санау, фитнеспен айналысудан бастап, уыстап дәрі қабылдаумен аяқталмақ. Қазірде биохакерлер осындай адам өмірін өзгертудің жаңа түрін дамыту үшін аянбай еңбек етуде.

Боди-дизайнер

Боди-дизайнер – бұл да биохакингке ұқсас мамандық, тек биохакерлер адамды биологиялық тұрғыда өзгертсе, боди дизайнерлер адамның дене-бітімін өзгертеді. Толығырақ айтсақ пластикалық операциялар көмегімен. Әрине қазір де бұл мамандық өз қызметін атқару да. Бірақ та болашақта өз денесіне өзгеріс енгізу шаш алдыратындай оңай болады деседі.

Болашақты құрушы эксперт

Бұл мамандық 2020 жылдан кейін пайда болмақ. Эксперттердің ең негізгі міндеті- баланың болашағына керекті барлық мүмкіндіктерді бала қабілетіне қарай ыңғайлап жасау, үйірмелер, компьютер ойындарын, болашақ мамандығын, баратын оқу орындарына дейін шешу. Әрине ата-аналарының келісімімен. Бұл сала болашақ жастарына өте тиімді, әрі ыңғайлы. Бірақ та бұл мамандардың жұмыстары арзан тұра қоймасы анық.

Урбанист-эколог

Заманның дамуына байланысты біздің қазіргі өмір сүріп жатқан ортамыз ластанып, жапа шеккен. Урбанист-экологтар жаңа, жасыл энергияға толы, адам өміріне қолайлы, экологиялық биотехнологияның көмегімен болашақтың қалаларын жасаушылар. Бұл мамандық қазіргі таңда да сұранысқа ие. Себебі Малайзия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Оңтүстік Корея және Европа елдерінің кейбіреуінде бұндай қалалар бой көтерген. Осы мамандық иелері болашақтың қалалары қазіргілерден әлдеқайда таза, жасыл желекке толы, жаңа технологиялармен қамтамасыз етілген болады деп сендіруде.

Ғарыштық гид

Галактикалық гид? Естулеріңіз бар ма? Кейіреулеріңіз ғана естіген боларсыздар. 2025-2035 жылдары осындай да мамандық пайда болады дейді ғалымдарымыз. Ал енді кішкене түсіндіре өтсек, ғарыштық гид дегеніміз- Космосқа ұшып, ашық ғарышта не болып жатқандығын, Күннің қалай атып, бататындығын түсіндіре отырып, Аспан денелеріне саяхат жасауға толықтай мүмкіндік беретін болады. Бұл да бір туризмнің жаңа саласы болар. Ал экскурсия кезіндегі қауіпсіздікке басқа мамандықтар жауап бермек сыңайлы.

Әрине бұның бәрі жақсы, тек өмірімізге қандай мамандық кірмесін, қалай болса да, дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, психологтарымыздың орнын 20-30 жылдыққа дейін ешкім баса қоймас. Себебі бұл мамандық иелері адаммен тікелей қатынасқа түсіп, сөйлесе алады, сезіне біледі. Темір роботтарымыздың ондай қабілеттері бола қоймас…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған