БҰҰ жанындағы Иран өкілі Мажид Тахт-Раванчи: Сүлеймани үшін кек қайтардық, енді шабуыл жасамаймыз

«Егер АҚШ бұдан әрі Иранға қарсы қандай да бір әскери іс-қимылды тоқтатса, онда енді біз де мұндай әрекеттерге бармаймыз», – деді Тахт-Раванчи.

Иранның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи Тегеранның АҚШ-қа қарсы тағы әскери соққылар жасай ма, жоқ па, соған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.

Ол барлық қадамдар Ислам революциялық күзет корпусының әл-Кудс арнайы күштерінің қолбасшысы Кассем Сулейманиге жасалған қастандыққа пропорционалды болғанын және оның аяқталғанын атап өтті.

«Егер АҚШ бұдан әрі Иранға қарсы қандай да бір әскери іс-қимылды тоқтатса, онда енді біз де мұндай әрекеттерге бармаймыз», – деді Тахт-Раванчи.

Дипломат Ислам республикасы БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес әрекет етіп, өзін-өзі қорғау құқығын қолданды дегенді де айта кетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған