Ақ үйдің шатырынан форма киген, болжам бойынша қаруланған адамдар жиналғандарды бақылап тұр. Полиция белсенді шара қолданып жатқан жоқ. Демонстранттар «қолыңды көтер – атпа!» деп ұран салуда, басқасы коменданттық сағатқа қарсы балағат сөздер жаудырып жатыр, президент Дональд Трамптың отставкаға кетуіне және полиция қолынан қаза тапқан Джордж Флойдтың ісінде әділеттілікке жетуге шақырады.

Қалалық полицияның мәліметінше, дүйсенбіге қараған түні болған тәртіпсіздіктер салдарынан бір полиция көлігі өртеніп, екі тәртіп сақшысы жарақат алған және тәртіп бұзғаны үшін 300-ге жуық адам қамауға алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған