Александр Винокуров әлем чемпионы атанды Францияның Ницца қаласында Ironman 70.3 веложарысында қазақстандық шабандоз Александр Винокуров жеңіске жетті.

45 жастағы қазақстандық велошабандоз өзінің жас категориясында 500-ден астам адам қатысқан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Vesti.kz жазуынша, Олимпиада чемпионы барлық қашықтықты 4 сағат 28 минут 47 секундта жүріп өткен.

Сонымен қатар, Ниццадағы Ironman 70.3 жарысына барлығы 3344 спортшы қатысты, олардың ішінде Винокуров 93-ші болды.

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған