Вирусы жоқ Тәжікстан вирустан өліп жатыр Тәжікстанда ресми коронавирус жоқ болғанымен, адамдар белгісіз өкпе қабынуы дертінен өліп жатыр.

Соғды облысында үш адам өкпесі қабынып, көз жұмған. Жергілікті билік өкілдері өлгендерден вирусқа анализ алмапты. Логикаға сай, вирус жоқ болса – тест тапсырудың да қажеті шамалы.

Мысалы Душанбедегі «Истиклол» ауруханасының дәрігерлері карантинде жатыр. 650 адам қабылдайтын аурухана сыртына «Науқастарды қабылдамаймыз», «Орын жоқ» деп жазылған.
«Вирус жоқ» деп айтса да, тәжіктер мектептер мен балабақшаларды жауып тастады. Азық-түлік нарығынан басқа базарлар жабық. Вирус жоқ, бірақ тәжік ауруханалары өкпесі қабынғандарға толып кетті. Бұл аурудың коронавирусқа қатысы жоқ дейді билік. Қысқасы жақында пиктің көкесі болатын сияқты.

Асхат Қасенғали

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған