Бахтияр Тұрсын

«Дені саудың жаны-сау», «Бірінші байлық-денсаулық» деген қанатты сөздер арқылы ата-бабаларымыздың денсаулыққа көп көңіл бөлгенің аңғарамыз. Тіршілік иесінің ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын сақтауды қажет етеді.

Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылданып денсаулыққа зиянды заттарды қолданбау басты қажеттілік. Бұрынғы ата-бабаларымыз табиғи өніммен тамақтанып, еңбек етіп жанын шынықтырған. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.

Бүгінгі заманда біздер салауатты өмір салтын сақтай білмейміз. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдануға көңіл бөлмейміз. Бәрімізде ерте ұйықтап ерте тұрып ұйқы режимін сақтауды, фаст-фуд, майлы тағам өнімдерін  пайдаланбауды біле тұра қолданбаймыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі халық денсаулығын жақсарту мақсатында «Салауатты Қазақстан – 2020» бағдарламасында, жыл сайын жолдауларында айтып жатыр. Елбасымыздың тапсырмасымен көптеген ауруханалар мен оңалту орталықтары, спорт комплекстері ашылуда.  Әрине, тұңғыш президентіміздің ұлт денсаулығында еңбегі ерен.

Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік. Олар: темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну.  Мен бүгінің жас ұрпағы ретінде өз замандастарымның көбісін ішімдік, темекі, есірткі сынды зиянды заттарды жиі қолданып жүргенен хабардармын. Денсаулыққа зиян екенін оларда біледі, бірақ қолданады. Себін сұрасақ: «әлі жаспыз, бәрін көріп қалсақ», – дейді. Осы сөзден кейін оларға қарап қарным ашатыны белгілі.

Алаш қайраткері М.Жұмабаев:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн! – деп қазіргінің бұзылған ұрпағына емес, тектілікке ұмтылған ұрпағына айтып еді ғой!

Ендеше, осы ата-бабаларымыздың аманатын сақтау біздің парызымыз. Бізден кейінгіде толқын темекі, есірткі, араққұмар болатын болса, ұлт жойылуының үлкен қаупі емес пе? Сондықтан да, достарыма айтарым салауатты өмір салтын сақтап, жаман әдеттерден аулақ болып, ел ертеңінің жарқын болуына ат салысайық! Болашақ біздің қолымызда!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған