«Бірінші байлық денсаулық» деген сөз бізге көне заманнан белгілі. Себебі дені сау ұрпақ –  біздің болашағымыз! Қай кезде болмасын адамдарды қызықтыратын, ойландыратын мәселе – ол салауатты өмір салты. Себебі ол біздің келешегіміз, болашағымыз! Қазіргі таңда осы тақырып ең  өзекті мәселелердің қатарына кіреді. Олай дейтінім  қазір дүние жүзінде экологиялық проблемалар көбеюде. Салауатты өмір салты дегеніміз не?! Ол ең алдымен адамның жаны мен тәнінің гармониялық тұрғыдағы  үйлесімі. Адамның жанына не әсер етеді? Экология, қоршаған орта, стресс, жұмыс. Адамның тәніне не әсер етеді – тағы да экология, зиянды әдеттер, аз қозғалыс және дұрыс тамақтанбау.

Не себепті мен экологияны  қайта-қайта қозғаймын? Себебі  кір, лас ауа біз онымер дем аламыз. Лай су ішеміз, зауыттардың қалдықтары суға ағызылады, сол сумен  бақшамызды  суғарамыз, соған сәйкес біздің жейтін жеміс-жидек, көкөністеріміз, тіпті болмаса ауланатын  балық та уланады. Ал жерге пестицидтер себіледі, шаң, кір су, жаңбырдың өзі фабрика зауыттардың түтінінен лайланып, кірленген жаңбыр жерге түседі. Осының барлығы адам денсаулығына өзінің кесірін тигізуде. Бірақ біз осыған қарамастан өз өміріміз үшін, өз денсаулығымыз үшін күресуіміз қажет. Қазіргі таңда бәріміз деп көпке топырақ шашпайақ қояйын,  бірақ көбісі «құдай салды мен көндім» деген қағидамен өмір сүреді. Ол дұрыс емес! «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» деген сөз бар. Бәрі де өзіңіздің қолыңызда!

Салауатты өмір салтын сақтау үшін не қажет?! Ең бірінші қозғалыс! Мектептерде дене шынықтыру сабағына балалар сабаққа қатыспауға тырысады. Ол дұрыс емес! Денесі шынықпаған оқушының денсаулығы нашар болады.

Қазіргі таңда тіпті жаңа туған сәбилер бассейндерге барып жүреді. Бұл Қазақстанға келген ноу-хаудың бірі. Хауыз демекші, ол да баланың денсаулығына зор үлес қосады, иммунитетін көтереді, денесін шынықтырады, сол арқылы әр түрлі көптеген ауруларға төтеп беретін болады, шымыр болады. Осының барлығын қосқанда біз тек денсаулығы мықты баланы ғана емес, ақылды, бәсекеге қабілетті  ұрпақты тәрбиелей аламыз.

Бұрындары біздің апа-аналарымыз дүниеге келген сәбиді дүниеге келгенінен бастап массаж жасайтын. Не  себепті? Сол массаж арқылы баланың бұлшық еттері қатаяды.  Бүлдіршінді не себепті ішіне жатқызады?! Ішімен жатқан бала басын көтеруге тарысады, сол арқылы арқа бұлшық еттері қатаяды. Нәресте кейін келе-келе басын ұстай алатын болады. Массаж жасау арқылы тек бұлшық еттері қатайып  қоймай, қан айналымы жақсарады. Қан айналымы арқылы тіндерге оттегі барады. Ең басты оттекке мұқтаж орган ол – ми. Ми  жақсы қоректенгендіктен өзінің қызметін дұрыс атқара алатын болады. Біздер бүгінгі күні өз денсаулығымызды қалайша ауруға шалдықтырып отырмыз?

Бірінші мектеп,  университет қабырғасында дене шынықтыру сабақтары аяқталады да көбіміз жұмысқа беріліп, денсаулығымыз жайлы ұмытамыз. Қазіргі жұмыстың көбісі ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында отыруды талап етеді. Келе-келе отыра берудің салдарынан  көптеген ауруларға, иммунитеттің  төмендеуіне әкеледі. Ал бұл өз кезегінде біздерді көптеген ауруларға шалдықтыратын болады.  Мысалға көптеген көз аурулары, варикоз,  бедеулік, артериалды гипертония, остеохондроз, кепілдік және тағы да көптеген аурулармен ауыратын боламыз.

Екінші, бұл дұрыс тамақтанбау. Не себепті дұрыс тамақтану қажет? Себебі адам ағзасында қажет дәрумендер мен минералдар тағам арқылы түседі. Олар өз кезегінде ағзаның дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Қазіргі таңда Дүние жүзінде таралған танымал тамақтану түрі ол «fast food «тағамдары. Ол дегеніміз жеңіл сіңірілетін көмірсулар  кола, спрайт, фанта, бургер, фри, донер, пицца,  чипсы, тіпті болмаса ролтон, бигбон, доширак. Айта берсек көп.  Олар дәмді, үнемі сұранысқа ие, тез дайындалады. Біз бәріміз оларды жақсы көреміз.  Неге деген сұрақ тағы да туындайды. Себебі олардың құрамында көптеген дәмдеуіштер бар, сусындардың құрамында қант көп және онымен қоса онда химиялық заттар бар. Бір ішсең, үнемі ішкің келіп тұрады. Мысалы 1 стакан коланың  құрамында 6 қасық қант бар, бірақ та біз оны ойланбастан ішіп қоямыз.  Енді ойлап қарасақ кім осынша қантты бір дегенде жейді немесе ішеді. Әрине ешкім! Бірақ біз байқаусызда оны ішіп қоямыз! Бұл тәтті сусынның ағзамызға келтірер зияны көп. Балаларға ата-аналары осы зиянды тағамдарды жиі беретінін байқадым. Соған сәйкес балаларда қазір гастрит секілді асқазан ауруларымен жиі ауырады.

Чипсы, кериешки, тіпті шемішкенің өзінен баланың ағзасымен дұрыс қорытыла алмау себебінен жиі аппендицит ауруына шалдығады. Инсулин гормоны глюкозаның деңгейін қалыпта ұстап тұруға арналған. Ал глюкоза дегеніміз жай тілімен айтқанда қант. Бірақ көбісі біле бермейтін жайт бар, ол инсулин адам өміріне арналған белгілі бір мөлшері болады. Егерде біз оны бейберекет қолдана берсек «судың да сұрауы бар» деген мақал амалсыздан еске түседі. Оның көлемі азаяды және өзінің қызметін толыққанды дұрыс атқармайтын болады. Бұл өз кезегінде инсулинге  деген тәуелділік кейіннен қант диабеті ауруына әкеледі. Сол себепті адамның күнделікті рационын да жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт тағамдары болуы керек. Күніне бес уақыт тамақ пен таңғы асты міндетті түрде ішу керек. Сонымен қатар, тамақтану күнделікті әртүрлі болуы керек.  Мысалы, бейсенбі күн балықтан жасалған тамақтар жейтін күн деген сияқты. Ұннан жасалған тамақтардан аулақ болуға тырысу керек, себебі ол семіздікке алып келеді.  Майлы тағамдар асқазан ішек жолдарының (холоцистит, панкреатит), жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына (инфаркт миокарда) әкеледі. Сондықтан дұрыс тамақтанудың маңызы зор!

Үшінші кезекте зиянды әдеттер. Оған шылым шегу, есірткі, алкоголь қабылдау,  улы заттарды иіскеу жатады. Ол менің ойымша ерік жігердің беріктігі  жоқ адамға тән қасиет, себебі оның бәрі адамның әуестігінен, қызығушылығынан туындайды. Бір рет көрейінші, не болар дейсің деп басталып, қалай түзу жолдан тайғандарын, әдетте айналғанын байқамай қалады.

Төртінші кезекте ол дұрыс толыққанды өмір сүру. Адам өмірдегі барлық кедергілер мен қиыншылықтарға тек позитивті тұрғыдан қарауы керек. Себебі адам ағзасы күні бойы тынбай жұмыс істейді. Ал ми болса тәулік бойы жұмыс істейді. Күні-түні адам ағзасына қажетті гормондарды реттейді.   Ал гормондар болса өз кезегінде біздің жас көрінуімізге, репродуктивті жүйемізге өте маңызды әсер етеді.

Қорытындылай келе, барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Салауатты өмір салтын сақтау үшін жоғарыда айтылғандай жан  мен тәннің гормониялық тұрғыда үйлесімді жұмыс атқаруы қажет. Ал ол үшін жоғарыда айтылған қағидаларды ескере отырып, біріктіріп кешенді үйлестірудің арқасында қол жеткіземіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған