Фото: news.tut.by

Түнгі уақыттағы шу

Егер түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 6:00-ге дейінгі уақытта сіздің демалуыңызға шулы көршілер немесе жақын маңдағы дәмхана немесе басқа да адамдар кедергі келтірсе, қалалық телефон нөмірі 102, ұялы телефоннан 112 бойынша полицияға қоңырау шалуыңызға болады. Полиция қызметкерлері мұндай көршілерді ҚР Әқбтк-нің 437 – «Тыныштықты бұзу» бабы бойынша жауапқа тартуға міндетті.

Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері бастапқы бұзуда – 5 АЕК, жыл ішінде қайталанғанда – 10 АЕК құрайды. Кәсіпкерлер үшін (ЖК мен заңды тұлғалар) айыппұл мөлшері шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 15 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК қарастырылған.

Күндізгі уақыттағы шу

Егер сізге күндізгі уақытта шу кедергіболса, онда сіз шудың өлшемін бақылап көруіңізге болады. Шудың өлшемін тиісті лицензиясы бар мекемеге хабарласып, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама аясында өлшеуге болады. Сондай-ақ, сіз жазбаша өтінішпен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына (Қоғамдық денсаулықты қорғау Департаменті), санитарлық-эпидемиологиялық сараптама аясында шудың өлшемін бақылайтын қызметкерлерге баруыңызға болады.

Тұрғын үйлерде шудың рұқсат етілген деңгейінен асқан жағдайда кінәлі тұлға «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, сондай-ақ гигиеналық нормативтері шеңберіндегі ҚР қылмыстық заңнамасын бұзғаны үшін» 425 бап бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

«Шекті рұқсат етілген шу деңгейлері тұрғын-үй және қоғамдық ғимараттардың және тұрғын үй құрылысы аумағында» ХСЭС рұқсат етілген шу деңгейлері орнатылған. № 3.01.035-97 – кәдімгі шулар және Санитарлы ережелерге «Санитарлы-эпидемиологиялық талаптар мазмұнына және тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды пайдалану» инфрадыбыстың және төмен жиілікті шулар үшін.

Айыппұлдар ҚР Әқбтк-нің 425-бабы бойынша мыналарды құрайды: жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК, ЖК және заңды тұлғалар үшін 20-дан дейін 120-ға дейін АЕК (кәсіпкерлік субъектісіне байланысты). Адамның денсаулығына зиян туғызған жағдайда жеке тұлғалар үшін айыппұл 200 АЕК құрайды, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 300 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 400 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 2000 АЕК (қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз).

Сонымен қатар, түнгі уақытта болған шуды немесе күндізгі уақытта рұқсат етілген деңгейден асып кеткен оқиғаны жазып қойып, сотқа моральдық зиянын тигізгені үшін және залалды өндіру туралы талап-арызбен жүгінуіңізге болады.

Егер көршілер пәтерді су астында қалдырса

Сіздің үстіндегі көршіңіз су астында қалдырса не істеу керек? Сары дақ, төбеден түскен сылақ, жарамсыз жағдайға келген түсқағаздар – міне бұл тек келеңсіз салдарлардың бірнешеуі ғана. Тұрғын иелерінің алдында бұл жағдайларда  қос мәселе туындайды, себебі жоспарланбаған жөндеуден басқа көршілерге өтемақы төлету бойынша процесті бастау қажет, оның үстіне айыптылардан ақшаны өтеткізіп алу өте қиын. Не істеу керек және өтемақының барабар сомасын, кем дегенде нақты шығынға қандай да бір дәрежеде сәйкес келетін соманы алуға бола ма?

Іс жүзінде көршілерге мәселені бейбіт түрде шешу қиынға түседі және даудағы нүктені сот қояды.

Тигізілген зақымдарды «қағазда» бекіту қажет, яғни сіз бағалау компаниясының қызметкерін шақыра аласыз, ол су басу туралы актіні құрайды. Су басу туралы актіні құрастыру – бұл өз мүлкіңді қалпына келтіру үшін күрестің маңызды кезеңі десе де болады. Бұл құжатпен сіз сотқа жүгіне аласыз.

ҚР Азаматтық кодексінің 917-б. 1-тармағына сәйкес: Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Бірақ егер көрші тигізілген зиян оның кінәсы бойынша жасалмағанын дәлелдесе, онда ол оны өтеуден босатылады. Сәйкесінше, сізге сіздің жағдайыңыздағы бірінші себепте іздеуге және шығынды айыптыдан өтеткізіп алуға тура келеді.

Егер көршілер пәтерін «жалға берсе»

Заң бойынша меншік құқығы осы мүлікке иелік ету құқығын білдіреді. Кез келген пәтер иесі оны жалға беруге құқылы. Заңнама аталмыш жағдайда пәтер иесінен оны тек жеке кәсіпкер ретінде міндетті тіркеуді және пайдадан салықты төлеуді талап етеді.

Егер көршілер пәтерді заңсыз жалға берсе, онда аталмыш жағдай туралы сіз салық инспекциясына хабрлай аласыз. ҚР Әкімшілік кодексінің 275-бабына сәйкес «Салық салу объектiлерiн жасыру»:

  1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының 150 % мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының 200 % мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер пәтерді жалға алушылар үйде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзса, онда бұл жағдайда зардап шеккен тарап бұзушыларға полицияға өтінішпен жүгіне алады.

Егер көрші пәтерге жанама құрылыс немесе жеке бизнес жасаса

Егер сіздің көршіңіз өзінің пәтерінде жанама құрылыс жасаса немесе жеке бизнесті ашуды шешсе, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңы   негізінде ол мынадай талаптарды сақтау керек:

  1. Тұрғын емес ғимараттар тұрғын бөлмелерден оқшаулануы және ортақ есікке (шығуға) ие болмауы тиіс.
  2. Тұрғын үйді пайдалану оны бұзуға немесе бүлдіруге әкелмеуі, басқа тұрғындардың тұру шарттарын бұзбауы, қоршаған ортаға шығын тигізбеуі тиіс. 
  3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган растайды.

Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.

  1. Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
    1. өзгерістер салмақ түсетін конструкцияларды қозғайды;
    2. өзгерістер жалпы мүлікті қамтиды.

Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі. Көршіге заңды ықпал ету үшін сіз Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және аудандық прокуратура басқармасына жүгіне аласыз.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 25-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау әкімдіктің құзыретіне жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 319-бабына сәйкес: Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу, заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – 15 АЕК; лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК; орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50 АЕК; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 200 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған