Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке 1950 жылдан бастап аталып өтеді. Оның мақсаты – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау ғана емес, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне қоғамның назарын аудару.

Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев: «Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», – деп жазды Twitter желісіндегі парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған