Елімізде қанша жасанды тыныс алдыру аппараты бар? Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева елімізде қанша жасанды тыныс алдыру аппараты бар екенін айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда 3 200-ден астам жасанды тыныс алдыру аппараты бар.

«Егер мұндай аппараттар қажет болса, жұқпалы ауруханалардағы жансақтау бөлімі қосымша құралдармен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда жасанды тыныс алдыру аппаратының үштен бірі пайдаланылып жатыр. Олар инфекциялық стационарына қойылды. Жағдайы ауыр науқастар аппараттарға қосылған», – дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 887-ге жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған