Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Қазақстан үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді», – деп жазылған хабарламада.

Демалыс күндері:

  • 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден – 2020 жылдың 3 қаңтары жұмаға;
  • 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден – 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;
  • 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден – 2020 жылдың 18 желтоқсаны жұмаға ауыстырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған