«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр? Ақмола облысында 18 мыңнан аса адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: tengrinews.kz

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 18 425 адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды.

12 500 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 10 478 адам немесе 84 пайызтұрақты жұмысқа орналастырылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Ақмола облысында 1 977 адам оқытумен қамтылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Ол үшін «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі және бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беріледі.

Сонымен қатар, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. Ақмола облысында микрокредитпен 695 адам қамтылды.

Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік бағдарламаның 423 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде – 210 адам (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер) алды. Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін мемлекет есебінен субсидияланатын жұмыс орындарын құруды көздейді. Оны жүзеге асыру аясында Ақмола облысында 3 214 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 558 адам, жастар тәжірибесіне – 681 адам және қоғамдық жұмыстарға – 1 975 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған