Жастар инновациялық технологиялармен қаншалықты таныс? Аталмыш тақырып аясында «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қоғамдық сарапшы» эксперттер клубының кезекті жиыны өтті.

Басқосуға қоғамдық пікір көшбасшылары, IT мамандары мен студенттер қатысты. Жиын барысында «Инновация» ұғымына сипаттама беріліп, студенттер тарапынан сұрақтар да қойылды.

Жалпы, қазіргі таңда инновациялық идеялар фестивалі, білікті тренерлердің инновациялық сала бойынша өткізетін семинар-тренингтері, идеялар мен жобаларды ұсыну бойынша мастер-класстар, студенттер өздерінің стартап-жобаларын ұсына алатын байқаулар бар.

Осыған орай, студенттер жаңа технология ойлап табу бойынша ойларын ортаға салып, жиын соңы Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметовтың сөзімен аяқталды.

Ол: “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі”, – деген екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған