Ирандағы әуе апатынан кейін Қазақстандағы бағыттар өзгереді Air Astana Ирандағы әуе апатынан кейін рейс бағыттарын өзгертуде.

Бұл туралы Тengrinews.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Air Astana Дубайға ұшатын рейс бағытының өзгергенін хабарлады. Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып орындау туралы шешім қабылдады.

Бұл жағдайда ұшу уақыты төмендегідей ұзарады:

  • Алматы – Дубай 20 минутқа;
  • Дубай – Алматы 10 минутқа;
  • Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа;
  • Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа.

«Жолаушыларды рейстер кестесін airastana.com сайтында немесе брондау және ақпарат орталығының телефондары арқылы тексерулерін сұраймыз», – делінген әуекомпания хабарламасында. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған