Иран: АҚШ-тың адами шығыны 5000-ға жетуі мүмкін

Иран билігі АҚШ-тың және оның одақтастарының 104 позициясын тапқандарын және алдағы таңда қарсы тараптан «қателік» байқайтын болса, онда сол орындарды атқылауға дайын екендігін мәлімдеді. Ал егер де осындай жағдай орын алатын болса, онда қаза табатын жандардың саны мыңға жететіні сөзсіз.

АҚШ пен оның одақтастарының адами шығыны бес мыңға жетуі мүмкін, ал бұған дейінгі зымыран шабуылдары тек бастамасы болған. Бұл туралы Ислам революциялық күзет корпусының аэроғарыштық күштерінің басшысы Амир Али Гаджизаде мәлімдеді, деп хабарлайды Иранның Tasnim ақпарат агенттігі 10 қаңтар, жұмада.

Гаджизаде операцияның бүкіл аймақта жалғасатынын және 13 зымыран «адамдарды өлтіруге емес, жаудың әскери машинасын құртуға» арналған болатын деп баса айтты. Ол тағы  бірнеше жүздеген зымыран ұшыруға дайын тұрғанын атап өтті.

«Біз бұл операцияда ешкімді өлтіруді көздеген жоқпыз, бірақ ондаған адам қаза тауып, жарақат алды. Бұл операцияның бірінші кезеңінде 500 адам, ал егер олар жауап берсе, екінші және үшінші кезеңде адам шығыны 4000-5000 дейін жететіндей етіп ұйымдастыруға болар еді», – деді Гаджизаде.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған