Оның айтуынша, бір тәуліктің өзінде вирус жұқтырған адамдардың саны 10 149-ға жеткен, ал қайтыс болғандардың саны 463-тен 631-ге жеткен, – деп хабарлайды РИА Новости.
Еске салайық, мұның алдында италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілген еді.
«Ең дұрысы – үйде отыру. Италияның болашағы – біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық», – деген еді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте.