Ит шабуылдаса, қалай әрекет ету керек?

Көшедегі иттің сізді қаппауына ешкім кепілдік бере алмайды. Көбіне иттер өздері өмір сүретін шекараларын қорғау үшін адамдарға шабуыл жасайды. Ал ашуға булыққан иттер еш себепсіз қабуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда иттен қалай қорғануға болады? Олай болса, эксперттер зерттеген кеңеске назар аударыңыз.

Егер ит қабуға даярланып, тісін қайрап жатса, сабыр сақтаңыз. Иттің шабылуы сол сәтте басылуы мүмкін.

– Қабаған ит жолықса, тек сабыр сақтауға тырысыңыз.

-Жүгірмеңіз.

-Итке айғайламаңыз.

-Әрбір қимылыңыз баяу болу қажет.

-Иттің көзіне тіке қарамаңыз. Көзіңіздің қиығымен ғана иттің әрекетін бақылаңыз.

– Ит сізге ешқандай көңіл аудармайтындай кейіп танытыңыз.

Ит шабуыл жасаса, жылдам әрекетке көшіңіз.

Ондай сәтте иттің аузына бір затты қойып үлгеріңіз (мәселен, сөмкеңізбен). Себебі иттің азулы тісіне қорғаныш болады.

– Қорғану үшін қолыңыздағы бар затты қолданыңыз.

– Мүмкіндігіңіз болса, үстіңіздегі күрткемен иттің бетін жауып жіберіңіз.

– Ит тікелей шабуылдаса, таяқпен, таспен  ұрыңыз. Әсіресе, итттің алдыңғы аяғы жағындағы көкірек тұсы әлсіз болып келеді.

Егер ит қапса, қатты тыпыршып қозғалмаңыз. Одан сайын олар тісін батырады.

ит сізді тістермен басып қалса, бірдестен қозғалыстар жасамаңыз және қашуға тырыспаңыз.

– Бос қолыңызбен итті артқы аяқтарын ұстаңыз.  Әдетте мұндай әрекеттен ит шегініс жасайды.

– Жылдам қозғалыспен, итті жерге сүйреп, оны барлық салмағыңызбен басыңыз.

Егер ит сіздің аяғыңызға жабысса: мойныңызды жауып, қорғаңыз

– Мойынды қорғау өте маңызды, себебі ит артерия қан тамырын тістеп алуы мүмкін.

– Басыңызды көкірек тұспен жиырып, жиналыңыз.

– Мамандар ит қапқанда өлі адам сияқты қозғалмай жатып қалуға жа кеңес береді.

Маңызды қосымша ақпарат! Итке дауыс көтеріп, айғайлаудың қажеті жоқ. Ол ызасын одан әрі арттырады. Иттің шабуылына дейінгі әрекет жануарды елемей жүріп кету. Иттің көңілін басқа жаққа аударту үшін басқа нысанаға қарай зат лақтырыңыз. Иттің назары сол жаққа ауғанда, қашып үлгере аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған