Йемендегі қырғын: қаза тапқандар жүзден асты Йеменнің солтүстік-шығысындағы Мариб провинциясында орналасқан әскери лагерьге зымырандармен шабуыл жасалды.  Шабуылды Ансар Аллах деп аталатын  хусит көтерілісшілері ұйымдастырған. Зымыран шабуылы салдарынан  100-ден астам адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Йеменнің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып «Интерфакс» хабарлайды.

Йеменнің солтүстік-шығысындағы Мариб провинциясында орналасқан әскери лагерьге зымырандармен шабуыл жасалды.  Шабуылды Ансар Аллах деп аталатын  хусит көтерілісшілері ұйымдастырған. Зымыран шабуылы салдарынан  100-ден астам адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Йеменнің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып «Интерфакс» хабарлайды.

Зымыран мен дрондарды қолданған бұл шабуылда әскерилер мен бейбіт тұрғындар көп жиналатын мешіттерді нысанаға алған.

Йемен мемлекеті қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қаза болғандардың арасында әскери және бейбіт тұрғындар бар.

«Хусит көтерілісшілерінің масқара әрекеттері, олардың бейбітшілікке жетуге дайын еместігін растайды. Олар өлім мен жоюдан басқа ештеңе білмейді және Иран мемлекеті қолдайтын көтерілісшілер, аймақтағы жағдайдың одан ары шиеленісуі үшін барын салуда», – деді Йемен президенті Абд Раббо Мансур Хади.

Йемендегі билік пен хуситтер арасындағы қақтығыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Йемен үкіметін Сауд Арабиясы қолдаса, өз кезегінде хуситтер Иранның қолдауына ие.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған