Nur Otan партиясы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жұмыс тобы еліміздегі ең өзекті мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет талқылаған болатын, – деп жазады aikyn.kz.

Соның ішінде  Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төра­ғасының орынбасары Динара Закиева, сондай-ақ жауапты министрліктер, үкіметтік емес ұйымдар барлық проблеманы шешудің жолдарын қарастырған еді.

Партия жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және бала­лар­дың құқықтарын қорғау жө­ніндегі республикалық қоғамдық кеңе­сінің мүшелері еліміздегі шалғай елді ме­кендерді аралап, біл­ім беру, әлеуметтік қорғау және ден­саулық сақтау мекемелерінің жұ­мысын тексеріп шықты. Мем­ле­­кеттік және мемлекеттік емес ұйым­дар бірлесе жұмыс істеу арқылы тығырықтан шығудың тетіктерін қарастырды.

Көмекке зәру ана мен балаға, жағдайы тө­мен отбасыларға жан-жақты жағдай жасалады. Баланың құқығы ту­ра­лы заң да қабылданды. Негізгі мақ­са­тымыз – балаларды қорғау. Балалардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүзеге асырылады. Үкімет зорлау, қинау, зомбылық жасауды болдырмау мақ­сатында арнайы бағдарлама дайындап, мемлекеттік емес ұйымдармен бірі­гіп тұжырымдама жасап жатыр. Мақсат – билік пен мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп, балалардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту.

Отбасы, әйелдер мә­­селелері және балалардың құ­­қық­тарын қорғау жөніндегі рес­­пуб­ликалық қоғамдық кеңе­сі­нің өңірлерге жүргізген тексеру қорытындысында анық­талған келеңсіздіктердің 70%-і түзелді. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Айта кетейік, кеңестің мақсаты – отбасын қолдау, ба­ла­­лардың құқығын қорғау үшін  жүйе іс-шараларды дайындап, іске асыру. Республикалық қоғам­дық кеңестің жұмыс тобы пар­тия­, елдің күш-жіге­рін жұмылдыратын бірегей алаң­ға айналып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған