Коронавирус кезінде қай елдерге саяхаттауға болады? Желіде коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі шықты.

Бұл тізімге елдер коронавирус жұқтырғандар саны аз болғандықтан енген, – деп жазады The Sun.

Оның ішінде Барбадос – COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 92, Багам аралдары – барлығы 102 адам, Мэн аралы – 336 адам, Норманд аралдары – 561 адам, Мальта – 625 адам және Кипр – 958 адам.

Басылым мәліметінше, аталған елдер дер кезінде коронавирусқа қарсы шара қабылдағандықтан аурудың алдын алған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 6 799 миллионнан асқан, сондай-ақ 397,3 адам қайтыс болған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған