Коронавирус Беларуське жетті: мұнда вирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, – деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«27 ақпанда республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығында өткен тест нәтижесі бойынша, 22 ақпанда Баку қаласынан келген ирандық студенттерінің бірінен 2019-nCoV коронавирусы анықталды. Науқас пен онымен байланыста болған адамдар Минск жұқпалы аурулар ауруханасына жабық бөлмелерге орналастырылды. Жігіт өзін жақсы сезінеді», – деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, Жапонияның Йокогама портында екі апта карантинде тұрған «Diamond Princess»  кемесіндегі Қырғызстан азаматы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов мәлім етті, деп хабаралады Азаттық Радиосының Қырғызстандағы қызметі.

Олардың жазуынша,  Қырғызстан азаматының вирус жұқтырғанын 26 ақпанда тапсырған сараптама қорытындысы көрсеткен. Қазір қырғыз азаматы Жапониядағы ауруханалардың бірінде оңаша палатада ем қабылдап жатыр. Қырғызстанның Жапониядағы елшілігі қырғыз азаматымен тұрақты түрде хабарласып, жағдайын бақылап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған