Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің алтыншы сабағы 2019 жыл, қыркүйек айының 14-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00 аралығында «Әлеуметтану» сабағынан басталған дәріс барысында жастар қажетті ақпараттармен танысты.

Одан арықарай сабақ сағат 11:30-12:30 аралығында Алматы қаласы, Жетісу ауданының әкімі Қиқымов Мақсат Сәкенұлымен кездесті. Кездесу барысында жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Ал 12:30 – 13:30 аралығында болашақ мемлекеттік қызметкерлер Атамекен ҰҚП өкілі Асан Есмырзаевпен кездесті.

Сонымен қатар, 13:30–14:30 сағат аралғында «Психология» сабағынан дәріс өтті. Сабақ барысында әртүрлі психологиялық тест пен ойындар ойнатылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған