Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Оқу үдерісі бірнеше кезеңге бөлінген арнайы курсқа осы жылы 85 студент іріктеліп алынды. 6 айға созылатын жоба барысының алғашқы үш айында болашақ мемлекеттік қызметкерлерге білікті оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлер, әр саланың үздіктері мен танымал қоғам қайраткерлері және саясаттанушылар дәріс оқыды.

Ал желтоқсан айында білім алушылар тиісті сертификаттарын алады. Сонымен қатар, оқу нәтижесі бойынша оқуға қатысушылардың барлығы мемлекеттік қызметке тест тапсырады.

Мемлекеттік қызмет мектебінің алғашқы сабағы 2019 жыл, тамыз айының 31-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00 аралығында «Әлеуметтану» сабағынан басталған дәріс барысында жастар мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар әлеуметтанушылардың өмір жолына үңіліп, бағыт-бағдар алды.

Одан арықарай сабақ сағат 11:30-12:30 аралығында «Құқықтық сауаттылық» сабағымен жалғасты. Сабақ барысында жастар арнайы видеороликтен ақпарат алып, сұрақ-жауап негізінде пікір алмасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған