Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің жетінші сабағы 2019 жыл, қыркүйек айының 15-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де «Саналы ұрпақ» республикалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқушевпен кездесу өткізді.

Ал сағат 11:30-12:30 аралығында «Психология» сабағынан дәріс өтсе, «Компьютерлік сауаттылық» сабағынан дәріс сағат 12:30 – 13:30 аралығында өтті.

Одан кейін жастар Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметпен кездесіп, пікір алмасты.

Ал сағат 14:30 – 15:30-да болашақ мемлекеттік қызметкерлер «Ағылшын» пәнінен білімдерін жалғастырып, артынша тимбилдингке, яғни MusiQala2019 фестиваліне барды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған