Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің үшінші сабағы 2019 жыл, қыркүйек айының 4-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де Нұр Отан партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасының орынбасары Айгерім Сабырқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік басқарудың заманауи теориясында мемлекеттік басқарудың тиімділігі туралы сұрақтарға жауап берілді.

Одан арықарай сабақ сағат 11:30-12:30 аралығында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің директоры Александр Братенковпен кездесу болды. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлық стандарты туралы өрбіді.

Ал 19:00-де  болашақ мемлекеттік қызметкерлер тимбилдингке, яғни «Оркестрлер фестиваліне» барды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған