Мемлекеттік қызмет: мүмкіндіктер мен мәселелер 26 маусым күні «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Қоғамдық сарапшы" эксперттер клубының кезекті жиыны өтті.

«Мемлекеттік қызмет: мүмкіндіктер мен мәселелер» атты тақырып аясында өткен басқосуға республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен студенттер қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік қызмет ұғымына сипаттама беріліп, оның міндеттері мен атқаратын функциялары да аталды.

Мемлекеттік қызмет бұл мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi. Сондықтан да мемлекеттік қызметке кіретін адам кәмелеттік жасқа толған, яғни 18 жасқа келген (егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе), Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс. Сонымен қатар мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер адам, біріншіден, қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуге тиіс. Екінші талабы, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған болуы. Азамат мемлекеттік қызметке кірген және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу кезінде әр жыл сайын салық қызметi органдарына табыстары және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектілері болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Осының барлығы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13 бабында айқындалған.

Жиын соңында мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз, әрі билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс деген ұсыныстарда айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған