Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар ант берді

Депутаттар

Парламент Мәжілісіне жаңадан сайланған Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берді.

Сонымен, аграрлық мәселелер комитетіне Нұржан Әшімбетов, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына Жұлдыз Омарбекова сайланып, тиісті қаулылар қабылданған. Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Гүлшара Әбдіқалықованы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне ұсынған. Ұсынысты 104 депутат мақұлдады.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Бақтияр Мәкен мен Гүлнар Иксанованың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Дереккөз:The Qazaq Times

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған