Нұр-Сұлтанда тағы 14 адам коронавирус жұқтырды Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелді

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаймыз. Олардың барлығы карантинге жатқызылды, диагноз расталды. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр», – деді министр Біртанов.

Жалпы есеппен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған