Медведевтің сөзінше, Владимир Путиннің 15 қаңтарда халыққа жолдауында айтылған Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсынысынан кейін үкімет тарату шешімі қабылданған.

Ал Путин өз сөзінде үкімет мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтты, – деп жазады РИА Новости.

Сонымен қатар, Ресей президенті жақын арада үкіметтің әрбір мүшесімен жеке кездесетінін жеткізді. Ал әзірге, олардан өз қызметін толығымен орындауды сұрады.

«Өз жолдауында Владимир Путин мемлекеттің бір жыл ішінде қандай бағыттарды дамытуға басымдық беретінін ғана айтып қоймай, Ресей Федерациясының Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы да қозғады. Бұл өзгерістер талқыланып, енгізілетін болады», – деді Медведев жолдаудан соң Путинмен кездесу кезінде.

Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметі пайда болатынын айтты. Ол жаңа қызметті Дмитрий Медведевке ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған