Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі де, бірегейі- салауатты өмір салтын сақтап, дені сау өмір сүру – шындығына келгенде оңай жұмыс емес. Бүгінгі күндегі тағамдардың құрамындағы адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттармен қоса, спортпен шұғылданбау, уақытылы тамақтанбау секілді түрлі факторлар әсер етпей қоймайтыны айдан анық.

Спорт-денсаулық кепілі деген ұстанымды қалыптасатырған адамдар өте көп. Себебі қазір адамзаттың ой-өрісі кең, санасы ашық және еркін өмір сүруде.

Ұлы дала жерінде қаншама ғасыр бойы ата-бабамыз тек қана табиғи өнімдерді тұтынып келді. Адам баласы тұтынатын тағамдардың шикізатын да, толықтай өнімін де өздері жасап, күнделікті тұрмыста құнарлы, әрі денсаулыққа пайдасы бар тамақ өнімдерін тұтынған. Расыменен мал шаруашылығымен  өзінен күн сайын сиырдың сүтінің өзінен құрт, қаймақ, ірімшік, айран, қатық алған, ал жылқыдан қымыз, түйеден шұбат алып, 12 мүшесінің сау болғанын қадағалап тұрған. Барлығы табиғи, таза өнімдер.

Ал қазір ше?Айналамызда түрлі зиянды азық-түлік өнімдері қаптап кетті. Дүкен сөрелерінде таңдау өте көп. Бір кемшілігі  сол өнімдердің  бағалары қымбат болса да, сапалары сын көтермейді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деп өз сөзінде тиек еткен. Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ұстанымды өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Денсаулық дегеніміз – адам жанының амандығы, тәнінің саулығы. Денсаулығы нашар болғанын қай адам қалайды дейсіз? Бірақ ауызбен айтатындардың саны, әрекет ететіндердің санынан тым көп екені- дәріханадағы кезек пен ауруханадағы адамдарды көруге болады. Сондықтан, адам күнделікті өзін – өзі күту, дұрыс тамақтану, тыныға отырып қажетті дене жаттығуларын жасап, дене тұлғасының дұрыс жетілуін қадағалау қажет.»Дені сау азаматтар – мемлекеттің ең бағалы капиталы»,-деп В.Комат айтқандай еліміздің жарқын болашағы үшін- жас жеткіншектеріміз бен жалынды жастарымыздың, кішкентай балалар мен үлкен қарияларымыздың дені сау болуы тиіс.

«Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті болуы керек» деп жаңалықтардан болсын, күнделікті достарымыздан да естіп жүргеніміз айдан анық. Ал қалай бәсекеге қабілетті бола аламыз? Ол үшін өмір сүру мотивациямыз мықты, деніміз сау болса-қолымыздан көптеген мүмкіндіктер келетін еді.

Салауатты өмір салтын сақтау арқылы біз біршама мүмкіндіктерге қол жеткіземіз. Ауырып жүрген адамның көңіл-күйі түсіп, тұнжырайып, өмірден түңіліп жүрсе, дені сау адам таңертең сергек ұйқысынан тұрып, жүгіріп, қыздырыну жаттығуларын жасап, ұйқысы ашылып, сенімді жүреді. Асыл арна теларнасының әлеуметтік желісінен егде жастағы атаның жүгіріп, жаттығу жасап жүргенін және сол жаттығуды әрбір күн сайын қайталап, дағдыға айналғандығы жайлы көріп мотивация алдым.

Неге ата-бабаларымыз 100 жастан  аса өмір сүрген? Біздің заманда қанша…

Қазіргі жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Десе де «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» ұстанымымен біздің бірнеше жатақханадарда таңертең 7.00-де Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, жаттығу жасаудан басатау алады. Бұл негізі өте жақсы идея, себебі таңнан басталған әрекет – келешегіңнің бастамасы.

Екінші кезекте арнайы «Денсаулығыңды сақта», «Дені сау ұлт» атты челленждерге қатысу арқылы ары қарай спортпен шұғылдануға, тым болмаса жаттығу жасауға септігін тигізеді.

Қорытындылай келгенде, жаңа ғасыр табалдырығынан аттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Сіздерге өмір бірақ рет беріледі. Сол өміріңізді лайықты сүру өз қолыңызда. Ал ұзақ өмір сүремін десеңіз спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырыңыз.

  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған