Нақтылап алатын болсақ, салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз, денсаулықты сақтау, нығайту, көтеру  мақсатында жасалатын іс-әрекет деп ойлаймын. Сол денсаулықты сақтау үшін химикатталған заттарды жеуден, фаст-фуд тағамдарынан және де тағы да басқа зиянды тамақтардан арылған жөн. Мына, қазіргі таңда екінің бірі осы зиянды тамақтардың барлығын күнделікті өмірлерінде қолданады. Егер де денсаулығым мықты әрі күшті болсын десеңіз, жаңағы айтылып кеткендей фаст-фуд тағамдарынан және химикатталған тамақ, заттарынан күнделікті өміріңізден алып тастаңыз. Бұл тамақтардың барлығы әсіресе денсаулыңызға кері әсерін береді. Көрінген нәрсені жей бермей, денсаулықты барынша жақсы күткен дұрыс. Денсаулық деген адамға ең, ең қымбат дүние болып табылады.

«Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған. Сондықтан кез келген адамның өмірінде денсаулық алатын орны ерекше.

Салауатты өмір салтын негізге ала отырып, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану керек деп ойлаймын. Сонымен қатар таза ауада көп серуендеп, күн тәртібін сақтаған дұрыс. Салауатты өмір салтын ұстанған адам, өз денсаулығына пайда әкеледі десек те артық болмас.

Спорт жайлы толығырақ айтатын болсақ, спорт – денсаулық кепілі. Адам өзі спортпен шұғылданса денесі шымыр, мықты әрі көңіл – күйі көтеріңкі болады. Өтіп жатқан бос уақытты да тиімді пайдалануға болады. Мұның бәрін бекерден–бекер айтып отырған жоқпын. Денсаулық зор байлық  болғандықтан, тіпті оған ешқандай да баға жетпейді, сондықтан да оны барынша дұрыс күту қажет. Адам салауатты өмір салтымен айналысса осының барлығының пайдасы адамға жақсы әсер етеді. Осыдан бір керемет әсер алады.

Осыған байланысты күн тәртібіне не жатқызуға болады? Оған мына сіздің күнделікті күніңізде істеп жүрген хоббиіңіз жатуы мүмкін. Енді оны өзіңіз таңдарсыз. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, әрдайым қозғалыста болу және тағы да басқалары. Бұл мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Сіз сонымен қатар денсаулығым мықты әрі күшті болсын десеңіз, күнтізбеңізге тағы да жеткілікті нәрселер қосуға болады. Ол жағы да өз еркіңізде. Денсаулығыңыз мықты болсын десеңіз, күнтізбеңізге күнделікті жасауыңызға тиіс жаттығуларды кіргізуге тырысып, оларды күнделік орындауды әдетке айналдырыңыз.

Ең басты және құнды байлығымыз, ол денсаулық болғандықтан, оған жалпылама айтқанда, барынша нақтылап  көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын. Бұл туралы біз дұрыс  түсіне бермейміз. Керісінше оған оң көзқараспен қарап, оны жақсылап күтіп, аса қатты көңіл бөлген дұрыс.

Нақтырақ айтқанда, салауатты өмір салтының аз факторлары бар. Олар, дұрыс ұйқы, тазалық, күнделікті жаттығу, шынығу және де ең бастысы дұрыс әрі уақытылы тамақтану. Осы сөздерден-ақ біраз ой – түсінік алуға болады деп ойлаймын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші, адам, қоршаған ортадағы халық  немесе мына қоғам өзінің денсаулығының күшті әрі мықты болуын қарастыру қажет.

Ол үшін жаңағы айтылып кеткендей, салауатты өмір салтына  жататын факторларды қолданып, айналысқанды жөн деп санаймын. Себебі, «дені саудың, жаны сау» деп осы үшін орынды айтқан. Осыған байланысты,  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтпақшы, «салауатты өмір салтын орнықтырып, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет» деген екен.

Осылай мен өз ойымды жеткізе алдым деп ойлаймын. Енді, осы уақыттан бастап өз-өзімді қолға аламын деп шештім. Салауатты өмір салтын (СӨС) өзімнің өмірімде қолданатын боламын. Мысалы, өзімнің күнделікті күнтізбемді жасайман, ол жерге мен күнделікті жаттығу енгіземін, сонымен қатар ерте жүгіретінімді де орнатамын. Тағы да пайдалы әрі уақытылы тамақтанатын боламын, сонымен қатар, уақытылы ұйықтаймын, өзімді гигиена тұрғысынан алғанда да таза ұстайтын боламын. Және де мен осының барлығын өзімнің күнделікті өмірімде қолданатын боламын және болашақта дені сау, білімді, ақылды азамат болуға тырысамын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған