Қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстанушы адамдар көп емес.Алдымен жағымсыз хабардан бастайын. Жасыратын еш нәрсе жоқ ол елімізге мәлім.Сондықтан, ой толғаудың кіріспе бөлімін ақиқатқа сүйене отырып жазайын. Қоғамдағы адамдардың басым көпшілігі зиянды заттармен әуестеніп, бірі әдетке айналдырса, бірі хобби ретінде ұстанады. Алайда, кей адамдар сол зиянды заттар, мысалы, ішімдік, темекі және т.б. денсаулыққа зиян заттан арылғысы келеді, бірақ ерік жігер күші көпшілігінде әлсіз келіп, сол заттардан бас тарта алмайды.

Елімізде осыған осыған қатысты көп политикалық дүниелер жүзеге асырылды. Бірақ, пайдасы едәуір төмен. Мысалға үшін, билік темекі қорабының сыртына, халық үрейленсін  деп неше түрлі темекі зардабы суреттерін қойды, көптік болмады.Кейіннен, алкогольдің және темекінің бағасын жылдан жылға қымбаттатуда. Сонда да қоғам санасына бүлай жеткізуден пайда аз.

Ой-толғауымның негізгі бөлімін ұсыныстар, және осы жоғарыда айтылған проблемалардың шешімі туралы болмақ .Салауатты өмір салтын сақтау – менің ойымша еңбек. Еңбектің шыңына шығу, яғни оны әдетке айналдыру, ал әдетке айналдыру 21 күн уақытты ғана құрайды.Бұл жерде еңбек дегенім жоғарыда айтылған адамдар тобы жалқаулыққа бой алдыртқан.Менің ойымша осы зиянды заттармен жалқаулықты жеңу үшін, спорттық шараларды үлкен ауқымда  және жиі ұйымдастырған жөн .Әрбір ұжымда, әрбір мемлекеттік мекемеде және оқу орындарында спорттық шаралар немесе спорттық дебаттар өткізілу тиіс. Жай ғана дебат емес үлкен ауқымды шара кезінде, үлкен қауымға сол шарада сөздің түбін ойға кіргізетін, сөзді сүйектен өткізіп, намысқа тигізіп айтатын азаматтарды және азаматшаларды шақырып, олар өздерінің шешендік өнерлерімен мотивация беретін болса пайда шығуы тиіс.Сондай-ақ ұтыстар, ақшалай сыйлықтар және басқа да бағалы сыйлықтар халыққа үлкен мотивация болады деп есептеймін.

Ой-толғауымның негізгі бөлімін ұсыныстар, және осы жоғарыда айтылған проблемалардың шешімі туралы болмақ .

Ойымды қорытындылай келе, бірінші байлық – денсаулық.Денсаулық болса қалған дүние өз шеңберімен келеді. Ел Президентінің “Қазақстан – 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстанның оқу-орындарында, мемлекеттік мекемелерінде, мектептерінде  жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын тұтқан тұлғалар да аз емес.

Дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да ашып көрсетті.

Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.

Осы бағыттама аясында ел басқарған ағаларымызбен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу міндет деп санаймын. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адамның іс бітіруі екіталай.Ел болашағы жастардың қолында, сол себепті жастардың жас өмірі зиянды әдетсіз өтуі керек, сонда ғана жастар билікке лайық болады деп есептеймін.“Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі” сол себепті салауатты өмір салтын ұстану арқылы осы жеміспен жеңіске жетейік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған