Орманбай Жайнагүл Берікқалиқызы

Тазалық – саулық негiзi,

Саулық – байлық негiзi

(Халық даналығы)

Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.

Салауатты өмір салты – ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде Елбасының алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр.
Салауаттылық – ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. Адамдардың салауатты өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың қоғаммен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Қоғамды өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.

Қазіргі кезде мемлекеттің алдында тұрған міндеттердің бірі – халықтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға тәрбиелеу. Адамдардың денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі, азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы –салауатты өмір салтының сақталмауының айқын көрінісі.

Салауатты өмір салтын сақтау күнделікті дұрыс тамақтану, дене қозғалысы, зиянды әдеттерден аулақ болу, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудан басталады.

Қазіргі таңда Қазақстанда үй тағамының орнына, «Fast food» өнімдерін таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. «Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұндай мекемелер Ежелгі Римде де болған. Бірақ ол заманда тағамдарды табиғи өнімдерден жасаған. Ал қазір оған дәмді күшейтетін және иіс шығаратын қоспалар қосылады.

Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырса, құрамындағы калорияның көп болуы, ол семіздікке әкелетін басты себеп. Сондықтан да денсаулығыңызды сақтағыңыз келсе, жиі тамақтануды, суды көбірек ішуді әдетке айналдыру қажет. «Fast food» өнімдерінен және тәттілерден бас тартып, құрамы дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамдарды тұтыну арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болатындығын естен шығармауымыз керек.

Өкінішке орай, салауатты өмір салтын бұзудың тағы бір себебі ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» сынды заттарға адамдардың тәуелді болуы. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да, елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осындай игі істерге қосқан кішкентай да болса өз үлесімді айтып өтсем.

Жаңа спорттық нысандардың ашылуы халық арасында, әсіресе, жастар мен жасөспірім арасында саламатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға, бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу үшін септігін тигізбек.

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық кеңінен етек алуда. Осындай жағдайларды теледидардан немесе күнделікті өмірде  көріп жүргендіктен бізге осындай ой туды. Неге спорт алаңын салмасқа, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін жағдай жасамақа деген.  Сондықтанда біз жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты болуы үшін Street workout алаңын салғымыз келді.

Дене шынықтыру және сауықтыру – қазіргі таңда қызмет көрсету салаларының ерекше түріне айналған. Соңғы уақыттарда халықтың денсаулығын жақсарту мәселесінде көп қажеттіліктер туындауда, оған қоса оның әлеуметтік маңызы да зор. Жаңа спорттық нысандардың ашылуы халық арасында, әсіресе, жастар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға, бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу үшін септігін тигізбек. Осы мақсатта 2019 жылғы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты бойынша 2019 жылдың мамыр айы мен қараша айының аралығында «JasA» жобасын – Өмір сүретін ортаны жақсартуға (урбанистика) және жергілікті қоғамдастықтарды (қалалар мен ауылдар деңгейі) дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау әлеуметтік жобасына қатысып, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі» жобасымен грант иегері атандым. Жоба аясында Ырғыз ауылына «Street workout» алаңын орнатпақпыз. «Street workout» ең пайдалы спорт алаңы. Мұндағы спорт жабдықтары бұлшық еттердің барлық топтарын жұмылдырып, жаттығудың тиімділігін арттырады. Аталған алаңқайларды орнату арқылы тұрғындардың спортпен мүлде тегін айналысуына жол ашылады. Осы алаңқайды орнату арқылы өз халқыма кішкентай да болса пайдамды тигіземін деп ойлаймын. Өйткені, бұл да салауатты өмір салтын қалыптастыруда таптырмайтын мүмкіндік.

Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады.

«Он екі мүшең сау болса – жарлымын деме», – деп халқымыз денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Шәкәрім атамыз: «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Өміріміз – өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Сондықтан да  спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанайық, достар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған