Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,»…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді.Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байданысты.Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды-дәстүрлер арқылы қалыптасады.Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды .Олар:

1) Физикалық денсаулық-ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі.Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды.Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

2)Соматикалық денсаулық-Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы.Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

3)Психикалық денсаулық –ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау,адам өмірінің мақсатын болжау ,мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.

Қазіргі адам қимылдың аздығынан жапа шегеді.Ондай жандарға ең керегі-спорт.Жаттығу олардың жүрегінің жұмысын жақсартуға,бойына қосымша күш жігер жинауға,денесінің қорғаныс қабілетін күшейтүге мүмкіндік береді.Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз.Күніне 15-20 минуттық жүгіру өте-мөте пайдалы,бірақ оның алдында біраз уақыт тез жүру арқылы дайындалып алған дұрыс. Суда жүзудің ,велосипед пен шаңғы тебудің ,би билеп иогтардың жаттығуларын жасаудың салмақ кетіруге пайдасы зор.Таңертең керуетте жатып аяғыңызбен “велосипед” тебіңіз .Отырып киінуші болмаңыз.Жұмысқа бара жатқанда ,екі-үш аялдама бұрын түсіп қалып ,жаяу жүрүге ,үстіңгі қабаттарға лифтімен емес ,жаяу көтерілуге тырысыңыз.

Біздің заманымыз аласапырын оқиғаларға толы,ал бұл әр алуан ауру-сырқауға себепші болады.Соған дес бермес үшін “басыла” білу керек:тек демалыс кезінде ғана емес,күн сайын дұрыстап тынығуға үйреніңіз,жаныңызға жағатын бір алданыш тауып алыңыз,биге,моншаға барыңыз.Ұйықтататын дәрі ішпеуге тырысыңыз .Өйткені ондай дәрілердің көбі 14 сағат бойына әсер етеді ,әрі одан соң бірталайға дейін уыты кетпей ,адамды есеңгіретумен болады.Қажудан арыламын деп кофеин,никотин қабылдау,алкагольді ішімдіктерді ішу қате.Сергудің өзіңізге ұнамды жолын жасап алыңыз.Жүрек ұстамасына ұрынбас үшін шылым шекпеңіз,майлы тағамға әуес болмаңыз,салмағыңызға абай болып ,көбірек қимылдаңыз.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқөа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Диетологтар күніне 4 мезгіл тамақтанған дұрыс деп ойлайды.Таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі ас пен кешкі астың арасы 4-5 сағаттан болу керек.

Дұрыс тамақтану ережелері:

  • Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
  • Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
  • Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған