Бір мақсат қойсам алдыма,

Жетпейінше тынбаймын!

Көргенім көп, себебі,

Қиындыққа сынбаймын!

 

Көрерім бірақ тағы алда,

Күреспен өтер әр күнім.

Жігеріме таң қалма,

Үйреткен өмір барлығын.

 

Мен, ХХІ ғасырдың жалынды жастарының бірі- Рәбина, осы өлең жолдары арқылы көркем эссемді ерекше көңіл-күймен, өмірлік мотивацияммен бастағым келіп отыр. Дүниеге келген әрбір адам баласы алдағы өмірін жалғастыру үшін алдына міндетті түрде мақсат қояды. Кейде оны өмірлік ұстаным ретінде жүзеге асырамыз. Әрбір адам дүниеге шыр етіп туғаннан кейін өмірдің бір бөлшегі атанған соң, өмірінде адал , жақсы қызмет ету керек. Ал, жақсы өмір сүріп, еліне адал қызмет ету үшін адамның ең бірінші байлығы- денсаулықтың атқарар орны орасан зор. Осы мақсатта дәл қазіргі таңда Алматы қаласының ең белсенді  «Жастар үні» атты жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында жастар арасында эссе байқауын жарияланған болатын. Байқаудың мақсаты- жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа шақыру. Мен байқаудың мақсатын негізге ала отырып «Салауатты өмір салтын ұстайық» атты эссе байқауына тек қана шығармашылық жағынан қатысып қана қоймай, жастар бірлестігінің тағы бір ұйымдастырып жатқан байқауына да қатысуды жөн көрдім. Ол байқау жастарды салауатты өмір салтын ұстауға және арнайы планка тұрып, спорттық үзінділерді байланыстырып, ерекше бағытта челлендж түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісу негізінде толықтай жоспарланып, негізделген болатын.  Әрбір көзі ашық ата-ананың ой-арманы, мақсаты – баласының білім алуы, дені сау болуы,  белгілі бір мамандық иесі болуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы. Сондықтан баланың болашағына деген игі тілекті бала шақтан бастаған дұрыс. Мен де қоғамға кішігірім болсын өзімнің бір үлесімді тигізейінші деген ұранмен жақында ғана арнайы челленджді түсіріп, оны Инстаграм әлеуметтік желісінде бөлістім. Челленджді түсіру барысында алдыға қойған мақсатыма 100 (%) пайыз болмаса да 60 (%) пайызына жуық спорт әлеміне, салауатты өмір салтын ұстауға біраз жастардың қызығушылықтарын арттырып, көңілдеріне бір үміт жаққандай болдым…

 

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған. Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» – деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор.

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Содан кейін өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. “Тәннен жан артық еді, – дейді Абай атамыз – тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің “Қазақстан – 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

“Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.” Құрбы – құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын –

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.

Атамыз қазақтың «Бірінші байлық – денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.

Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.

Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.

Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.

Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Міне, осы сияқты қазіргі жастардың арасында осындай қиындықтар, кедергілер кездеседі. Менің тағы қосар ойым, жастардің көбісі неліктен қазір спортпен айналысуды қойды? Осы сұраққа жоғарыда айтып кеткен мысалдармен қоса тағы бір қосарым бар, яғни 21 ғасыр- компьютерді жетік меңгерген адамдар дейді. Осы телефондағы, компьютердегі дайын жұмыстарға, дайын дүниеге ие болып, үйден шықпай қоятын жастар саны аз емес. Осы айтып кеткен ойларым жастарды спорттан, салауатты өмір сүру салтынан алшақтатып жатқан бірден-бір кедергі. Әрине қолданба демейміз, пайдасы бар, бірақ асыра, шектен тыс қолданудың қажеті жоқ. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

Әрбір жас өзінің өмірлік қалыптасуын жеке әрі жауапты түрде таңдауы тиіс. Өскелең ұрпақты патриоттық тәр­бие­леуге, азаматтық бірегейлікті дамыту­ға байланысты мәселелер көбіне елдің дамуы мен оның жастар саясатын жүр­гізуіне байланысты. Ұлттың бүгіні мен келешегі  – білімді, денсаулығы мықты, креативті ойлау жүйесіндегі белсенді жастардың қолында. Жалпы айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Сонымен қатар жастар арасында  білім алу және жұмыспен қамтылу, салауатты өмір салтымен айналысу мәселесі де өзекті болып саналады. Барлық кемшілікті жоюдың мақсатты түрде негізделген алдын алу жолы болады. Соның бірі ретінде қазіргі қоғамда жастардың сапалы білім алып, салауатты өмір сүруге шақырып, жұмысқа тұрып кетулеріне барынша жағдай жасалуда. Соның бір айғағы: мемлекеттік білім гранттары, спорт жағынан ұйымдастырылып жатқан керемет байқаулар, жолдамалар, т.б. Сондықтан Қазақстан жастарының бәсекеге қабілетті, білімі мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, мүмкіндік жоқ деп айтуға да сөз сылтау таппай қаламыз. Міне, менің қорытынды ойым жастар барлық мүмкіндіктерді дұрыс бағытта қолданса, ешқандай да кемшілік болмайтын еді. Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

Еліміздің тек биіктен көрінуі тікелей болашақ жалынды жастарға байланысты. «Болашақ- жастар кепілі»- дегендей мен де сол жас буын ретінде елімізді бәсекелестікке қабілетті мемлекет болуына бар септігімді тигіземін. Құрметті жалынды жастар сіздерді, сапалы білім алуға, салауатты өмір салтын ұстауға зор құрметпен шақырамын! Тек қана алға, Қазақстан!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған