Адамның басты байлығы – оның денсаулығы. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы өте зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар біз сияқты жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Денеміз шымыр, мықты болуды әрқайсымыз қалаймыз. Денсаулығымыз сыр бергенде, бірден дәрі қабылдап та жатамыз. Міне, мұның барлығы біздің салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбайтындығымыздан деп білемін. Егер уақытылы тамақтанып, спортпен шұғылданып, түрлі жаман әдеттерден аулақ болсақ, ауырмаймыз, сырқамаймыз және денсаулығымыз мықты болады. Біздің мектепте ұстаздарымыз салауатты өмір салтына байланысты түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Мәселен, қыркүйек айының басында «Отбасы күніне» орай «Отбасы және спорт» тақырыбында марафон өткізді. Мақсаты – отбасы бақыты, ал бақытты отбасы болу үшін бүкіл отбасы мүшелерінің дені сау, салауатты өмір салтын берік ұстанатын болу керек. Дені сау, саналы ұрпақ өмірге келу үшін салауатты өмір салтын өзімізден бастау керектігін үйретеді. Әрине, біз салауатты өмір салтын ұстануды белгілі бір науқан кезінде ғана ойламауымыз қажет. Ол әрбірімізге кез келген уақытта, жағдайда керек. Міне, соның салдарынан көптеген адамдар салауатты өмір салтының қарапайым нормаларын ұстанбайды. Кейбіреулері ерте қартаюды тудырады, яғни аз қозғалып, семіздіктің құрбанына айналады, кейбіреулері қант диабетімен ауырады. Алаңдаушылық, үнемі дұрыс демалмау, ұйқысыздық, күйзеліс жүйкеге зардап шегеді, бұл ішкі органдардың көптеген ауруларына әкеліп соғады. Біз денсаулығымыздың қадірін тек ауруымыз асқыннан соң ғана білеміз.

Мен үшін салауатты өмір салты, бұл:

  • Дұрыс тамақтану;
  • Мықты отбасы (яғни, отбасыңмен бірге демалыс орындарына бару, серуендеу), сәтті жұмыс (әр адам жұмысын ыждаһаттылықпен бастау керек);
  • Гигиена және тазалық сақтау;
  • Жаман әдеттерден аулақ болу (темекі шекпеу, спирттік ішімдіктерді ішпеу;
  • Белсенді қозғалыс (жүгіру, жүзу, би, теннис, т.б.)

Біздің денсаулығымыз мықты әрі салауатты болуы үшін, уақытында күресуіміз керек. Осыған сүйене отырып, кейбір нормаларды сақтау қажет: еңбек, демалыс, уақытылы ұйқы, физикалық белсенділік, оның ішінде қолжетімді спорт түрлерімен айналысу, саябақтарда, табиғат аясында, таза ауада серуендеу, жүгіру. Сіз бақытты және қуанышты өмір сүруіңіз керек, сонда сіздің бойыңыздағы бүкіл жағымсыз энергияларды және ауруларды жеңесіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Күлімдеп, жадырап, жарқырап жүріңіз. Барлық мәселелерде байсалдылық танытыңыз. Жақсы немесе нашар ауа райы болсын, қызықты немесе қызықсыз адамдармен кездескенде, жұмыста сәтті немесе сәтсіздіктер кезі болсын, өмірден ләззат алуға үйреніңіз. Өзіңізге жақын және қымбат адамдармен кездескен кезде немесе қоштасу кезінде оларға мықты денсаулық тілеңіз, өйткені бұл толық және бақытты өмірдің кілті саналады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған