«Дені сау азаматтар  – мемлекеттің ең бағалы капиталы»

В.Комат

Қазіргі таңда «Денсаулық – зор байлық», «Бірінші байлық – денсаулық» іспетті сөздерді көп қолданамыз. Алайда бұл мақалдардың түп төркінін түсіне алмайтынымыз өкінішті. Табиғат берген дүниеге керағар іс-әрекеттер жасайтынымыз барлығымызға мәлім. Тез дайындалатын тағамдарға деген қызығушылығымыздың жоғары болғаны соншалық бір аттам жерде екі нүктенің болуы көңілге қаяу түсіреді. Ата-әжеміз денсаулықтың қадірін біліңдер деп үнемі айтушы еді. Біз жас бала болдық па немесе басқа да факторлар әсер етті ме ол жағы беймәлім әйтеуір құлақ аса қоймадық.

Міне, ол сөздердің тегіннен-тегін айтылмайтындығына көзіміз жетіп отыр.

Дамыған Германия немесе Қытай, Корея сияқты мемлекеттерде өмір сүру деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда не үшін жоғары деген сұрақтар санамызда сайрап тұруы қалыпты жағдай. Ол мемлекеттерде дұрыс тамақтануды, спортпен айналысуды тұрақты қалыптасқан іс-әрекет ретінде қарайды. Солай саналарына сіңіріп, сол жолда іс-әрекеттер жасап жатқандығы жаһанға мәлім. Мұның арнайы жалпы халық білмейтін формуласы жоқ.

Ап-айқын дүние. Осы сәтті ойыма мына бір оқиға есіме түсіп кетті. Достарымызбен Фурманов шыңына шығып бара жатырмыз. Шаршадық. Осы мезетте қасымыздан ата өтіп бара жатты. Жасы 60-70-тердің шамасында.  Ұлты армян. Танысып, әңгімеге тарта бастадық. Апта сайын тауға шығып тұрамын дейді. «Это для здоровый образ жизни», – дейді бізге.  Расы керек атаның қасында ұялып қалған жайым бар. Сол кезден бастап менде денсаулығымды сақтау үшін мүмкіндік бар неге соны дұрыс пайдаланбасқа деген сұрақ болып, іштей сол атадан мотивация алған болатынмын. Міне, сол кезден бастап тура жолда келе жатырмын. Қазақ жастарына  осындай бір аз да болса итермелеуші күш жетіспейтін сияқты. Бұл менің қазақ жастарының потенциалы төмен деген сөзі емес. Қазіргі қазақ жастары ненің дұрыс, дұрыс еместігіне көздері жетіп, саралай алу қабілеті жоғары. Бұл тек денсаулық саласында ғана емес, білім, техника, сұранысқа ие мамандықтарда жиі кездеседі. Өздерін дамыту мақсатында  мемлекет ұсынған түрлі «Start Up» жобаларда, өз саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандардан дәрістен тыңдап, мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Адамдар қоғамды өзгертеді деген теорияға қадам басып келеміз. «Кез-келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық» – деген қанатты сөз  осыған мысал бола алады. Денсаулығымыз жақсы, еңбекке жарамды болып тұрсақ мемлекетке артық шығын, келеңсіз жағдайлар туғызбаймыз. Денсаулық саласына құйылатын ақша көлемін азайта отырып, мемлекеттің дамуына өз пайдамызды тигізіп, азаматтық үлес қоса аламыз. Алдымен осы  сияқты дүнелерді ойлау әрбір қазақстандықтардың сана сезімінде болу керек. Кейін соны ойлай отырып, өз денсаулығына ұқыптылықпен қарап, жауапкершілік алады. Бұл арқылы біз екі нәрседен ұтамыз. Алдымен адамның өз денсаулығының жақсы болуы, екіншісі мемлекетке азаматтық тигізіп отырған үлесі.

Осылай әрбір қазақстандық іс-әрекетке көше бастаса еліміз 10 жылдың ішінде-ақ ТОП 10 мемлекеттің қатарына кіру қабілетіне ие боламыз. Армандайық!!! Армандағанның өзі керемет емес пе?!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған