«Салауатты өмір салтын сақтайық» деген сөзді әркім естіді,  солай ма? Қазіргі уақытта өмір сүру сапасына сай болу өте қиын.  Себебі, не тағамда,  не табиғатта химиялық  заттар мен қоспалар бар.

Ең алдымен, салауатты өмір салты  деген  не?  Ол  –  денсаулық. Деннің саулығы болмаса басқаның құны көк тиын. Тәні саудың-жаны сау. Саулықты сақтау үшін не істеу керек?

Бірінші әрі маңызды қадам  –  спорт.  Спорт  – өмірлік маңызды мүшелердің қызметін қозғалысқа салып,  жақсартады. Оған уақыт жоқ немесе қиын десеңіз,  жаттығулардың бірнеше түрі бар: велосипед тебу,  шаңғы тебу,  немесе жаяу жүру.  Билеу және жүгіру.  Иә, шынымен  де «жүру» пайдалы спорт.  Таңдау өз еркіңізде, көлік әлде жаяу жүріс? Дегенмен жаяу жүрген абзал. Жаяу серуендеу сіздің денеңізді сергітеді.

Екінші қадам  –  дұрыс тамақтану. Біз іс жүзінде сапасыз азық жейтінімізді мойындауымыз керек. Неліктен біз әрқашан зиянды тағамды қалайтынымыз туралы ойландыңыз ба? Бәрі оңай. Көптеген, тағамда  қант бар және де соның арқасында біз оны көбірек жегіміз келеді.  Қант  –  ең күшті тағамдық есірткі. Бұл тәуелділік секілді.  Сондықтан да, одан бас тарту қиынға соғады. Одан да тәтті сусындарды суға ауыстырыңыз. Су  –  денені сергітеді,  теріні жақсартады және организмді токсиндерден тазартады. Кәмпит және ұнды тағам орнына табиғи тәттілерді жеуге тырысыңыз. Мысалы:  құрма,  мейіз,  кептірілген жүзім және өзге де қақталған жеміс түрлері.  Көкөніс және жеміс-жидекті күнделікті жеуді дағдыға айналдырыңыз. Олардың құрамында көптеген дәрумендер бар.

Үшінші қадам  –  зиянды әрекеттерден алшақ жүру.  Ішімдік, есірткі және темекі денсаулыққа зиян.  Оның зиян екенін әлем ғалымдары әркез дабыл қағып айтады. Статистикаға сенсек,  бір темекі 5 минут  30 секундқа  өмір сүру ұзақтығын қысқартады екен.  Орташа есеппен, адам күніне 10-14 темекі шегетін болса, оның өмірі осылайша 13-14 жылға қысқарады.

112-115 граммға дейін ішімдік ішетін адамда жүрек ауруы пайда болып,  өмірі қысқарады. Ал одан әрі 200-350 грамм ішімдік мөлшері өмірді 2-3 жылға қысқартады.  Ғалымдардың айтуынша, ішімдіктін қалыпты мөлшері де денсаулыққа зиян тигізеді. Мінекей,  осындай әдеттердің кесірінен өміріңізді жоғалтып алу қаупі жоғары.  Мен бұл статистика зиянды әдеттердің қаншалықты жаман екенін түсіндірді деген үміттемін.

Төртінші қадам  –  психологиялық денсаулық. Адам психикасы  күтінуді қажет етеді. Біздің санамыз бен ойымыздың дұрыстығы осымен байланысты. Күйзеліске  төзімді және сабырлы болу үшін сізге жан тыныштығы керек. Адамның физикалық жағынан ғана емес, моральді тұрғыдан  өзін жақсы сезінген кезде ғана,  оның денсаулығы айтарлықтай жақсарады.

Бесінші  қадам  –  денсаулықты түрлі аурулардан сақтау. Қазіргі таңда аурулар,  ал соның ішінде жұқпалы аурулар кең таралған. Имунитетті нығайтып, керек дәрумендерді ішіп,  ағзағыңызды қуаттандырып отырыңыз. Денсаулығынызды сақтаңыз!  Бұл  –  баға жетпес байлық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған