Салауатты өмір салтын сақтайық! «Салауатты өмір салтын сақтайық!» атты жастар арасында республикалық эссе байқауының ережесі.

«Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында жастар арасында эссе байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа шақыру.

Байқау шарттары: Шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 2 беттен кем емес, 5 беттен көп емес.

Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жастары қатыса алады.

Байқау талаптары:

Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 7 қыркүйегінен басталып 7 қараша күні аяқталады.

Байқау барысы:

Барлық эссе «Arhar.kz» порталының «Байқау» айдарында жарияланады.

Эссені arharinfo@gmail.com электронды поштасына жіберу керек. Қосымша сұрақтар бойынша 392-13-34 немесе 87470529904 (Ақбота Ерболқызы) нөміріне хабарласа аласыз.

Байқау жеңімпаздарын құрамында 5 адам қазылық ететін (журналистер, жастар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері)  арнайы топ  анықтайды. Жеңімпаздарды марапаттау байқау қорытындысы шыққаннан кейін бір апта ішінде, Алматы қаласында орын алады.

Жүлде қоры:

1 – орын – 200 000 теңге

2 – орын – 150 000 теңге

3 – орын – 100 000 теңге

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:

  • Объективтілігіне;
  • Креативтілігіне;
  • Мазмұнына;
  • Көркемдігіне;
  • Сапасына;
  • Өзектілігіне және т.б. қарай бағаланады.

Қатысушылар эссемен бірге төмендегі форма негізінде өзі жайлы қысқаша ақпарат толтырып жіберуге міндетті:

Аты-жөні Мекен-жайы Жасы Байланыс нөмірі
/ электронды поштасы
Статус (Оқушы, студент және т.б)
       
Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған