Тазалық – саулық негізі,

                                     Саулық байлық негізі.

 Бұл мақал тегін айтылмаған. Әрбір адамның ең басты байлығы-денсаулығы. Денсаулық – салауатты өмір салтының басты ұстанымы. СӨС – мықты болуға, организміміздің  түрлі сыртқаттан сақтап, деніміздің сау болуына өз әсерін тигізеді. Ал, бұл алдымен денсаулықты  күтуден басталады. Өз денсаулығын сақтаған жан бақытты да, салауатты ғұмыр кешеді. Денсаулығы зор адам өзі үшін де, қоғам үшін де өте қажет. Әрі еліміздің болашағы біз- жастармен байланысты. Жарқын келешек үшін үлкен қадамдарға жол бастап, тың жаңалықтар ашу үшін- алдымен тәннің саулығы, жанның тыныштығы маңызды. Өкінішке қарай, адамдардың дені өз денсаулығына бей-жай қарайды. Дүниенің соңынан қувып, күйбің тірлікте тіршілік қамы деп жүріп, материалдық құндылықты бірінші кезекке қояды. Егер, деннің саулығы болмаса байлықтан ешқандай пайда келмейтінің түсінсе жақсы болар еді. Шопенгауер « Дені сау кедей – ауру корольден бақытты» деген қанатты сөз қалдырған.  Әрине, он екі мүшең сау болғанға не жетсін?!

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

Иә, расын да сырқаттану дүниедегі ең жаман сезімдердің бірі. Ал, ауырып, дел-сал күй кешпес үшін салаутты өмір салтының қағидаларын ұстану қажет.

Біріншіден, әртүрлі аурулардың алдын алу үшін әрдайым денемізді шынықтырып отыру қажет. Спортпен айналысу, гимнастика, йога, үнемі қимыл- қозғалыста жүру адамға серпіліс береді. Сергек етеді. Әсіресе, таңғы жаттығу жасап,  жүгіру адам ағзасына өте пайдалы. Ол жүрек ритмін жақсартумен қатар буындарымызды қатайтады. Жүрек- қан тамыр ауруларынан аман сақтайды. Жүгіру немесе жаяу жүру-  артық салмақтан арылтады. Семіздіктен құтылып, жайлы сезінуге ықпал етеді. Тек жүгіру ғана емес, спорттың кез келген түрі денсаулыққа пайдалы.  Сол үшін де күнделікті өмірде күн сайын 1-2 рет жарты сағат уақытымызды жаттығу жасауға арнаған жөн.

Ұзақ өмір сүруге және денсаулықты нығыйтуға спортпен шұғылданудан басқа дұрыс тамақтану қажет. Соның бірі- тибеттік әдіспен тамақтану.  Бұл сұрақтың жауабын әркім біле бермеуі мүмкін, тіпті білген күннің өзінде де бұл ережелерді сақтамайды. Кейбір адамдар табиғатынан семіздікке бейім  болып келеді. Семіздіктен құтылудың жолы- әуелі ішкі сенім және жалқаулықтан құтылу. Дұрыс тамақтану және спорт. Қазір тез дайындалатын тағмадар мен газдалған сусындар көп аурудың қозуына себеп. Ғалым Анахарсис« тәтті тағам емес, денсаулыққа пайдалы тағам тәтті» дейді. Демек, біз тәтті тағамдар құр әуес бола бермей, көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жиген абзал.  Өйткені оның құрамы дәруменге бай. Кез келген адам білуге тиісті бірнәрсе- тағамды жеген уақытта асықпай шайнап жұтуы керек. Ұйықтар алдында қомағайланып, ауыр тағам жеуге мүлдем болмайды.Сонда ғана, артық салмағымызды азайтып, дене сымбаты сақталады. Гиппократтың пікірі бойынша «мөлшерден тыс тоқтық та, жүдеулік те денсаулыққа зиян». Бұл оймен мен толықтай келісемін, өйткені адам мөлшеріне сәйкес тамағын уақытында ішіп, егер де қарны ашса, жүрек жалғап алуы қажет. 4 мезгіл тамақтануды сақтап, белгілі бір уақытта ас қабылдаған дұрыс. Себебі, дұрыс толыққанды тамақтану да салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.  Әрбір адамның өзінің ішкі көңіл-күйін қалыптастыра алады. Егер кикілжің, ұрыс, айқай орын алса, онда әрине, әрбір жан болған жайдайға уайымдағаннан, күйзеліске ұшырағандықтан, қобалжудан психологиясына зақым тиеді. Қазір байқалмаса да , уақыт өте  келе стресс адамның түбіне жетіп, обыр  ауруына алып келуі мүмкін. Ғалымдардың зерттеуі бойынша күйзеліспен қарсы күресуге грек жаңғағы көмектеседі. Жаңғақ тек осы қасиетпен шектелмей, когнитивті қабілетті жақсартады, қартаюдың алдын алады. Сол үшін қандай жағдай болмасын еңсені түсірмей, көңіл- күй көтеріңкі, бақыт – қуаныш атты шеңбер айналасында жүрсек, денсаулығымыз сау және өмірге деген қуанышымыз арта түседі.

Салауатты өмір сүрудің тағы бір негізгі шарты- жеке гигиена. Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі. Өзінің гигиенасына немқұрайлы қараған адамға тіпті, дәрігер де көмектесе алмайды. Оны  сақтамаған адам вирус жұқтырып, жұқпалы ауру тудырады. Осындай жағдайға түспес үшін тері күтімі, дұрыс киіну, ауыз қуысының күтімі, үйдің санитарлық деңгейі, тұрмыстық заттарды қолдану, дене тәрбиесі, шаш күтімі, ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасын сақтау керек. Уақытында шомылып, ұқыпты болу тек адамның ғана емес, жанында жүрген достарына, жақындарына деген құрметтілігін көрсетеді.

Экология. Далада, айналада болып жатқан құбылыстар адамның денсаулығына әсер етеді. Қазіргі таңда зауыт- фабрика, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден шыққан түтін, лас ауадан көп тұрғындар  зардап шегуде. Осының салдарынан аллергия, дұрыс дем алмау, тері аурулары жылдан-жылға өршіп бара жатыр.

Тағы да бір қоғамда болып жатқан өзекті мәселелердің бірі- ата – аналардың балаларына уақытында тиісті екпелерді алудан бас тартуы. Соның кесірінен көптеген сәбилер түрлі аурулармен ауырып, физикалық тұрғыда әлсіз болып бара жатыр. Бұл ата-аналардың үлккн қателігі. Себебі, жылына бір рет дәрігерге көрініп, керекті екпені алудың өзі салауатты өмір салтынан тұрады.

Ең маңыздысы зиянды әдеттерден аулақ,  есірткі, ішімдік, темекі шегуден алшақ болу. Өйткені, бұл жаман қылықтар өміріңізді қысқартып, жасыңыздан бұрын қартаюға әкеліп соғып, соңы жақсылыққа апармайды.

Осы айтылған барлық қағидалар адамның өмірін ұзартып, денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтының негізін құрайды. Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдамасында ұзақ мерзімді басымдықтың бірінде – « Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты» атты тармағында , « азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауаты өмір салтына тәрбиелеп, әзірлеу қажеттігі басты талап ретінде көрсетілген.

Қорытындылайтын болсақ; дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Денсаулығы зор адам – ел дамуының аса маңызды бөлігі,келешектің жарқын үміті. Рух, жан, тәннің жиынтығы – салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондықтан да , денсаулығын күту – әрбір адамның борышы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған