Өмірді теңізге балап жатады естіде, көргені мен көрегендігі мол адамдар.Ал біз сол теңізде қандай кемемен жүзіп жүрміз,қандай жағдайда Титаник секілді тағдыр жолының қақ ортасында амалсыз,қаннан қаперсіз түпсіз тереңде қалып қоймаймыз.Жоғары да  түйіндеп отырған көкейімдегі ой,яғни біздің кемеміз өмір сүру бағытымыз екені анық.Өмір сүру бағыты дегеніміз не?Мен бүған өзімше жауап іздеп көрейін,Өмір сүру бағыты әр адамның жоғарыға немесе төменге,жарыққа немесе қараңғыға жетелейтін өзіндік таңдау жолы.Ал егер біз таңдау жолымызды салауатты өмір салтына бағыттасақ біз қандай жетістікке жете аламыз,қандай белесті бағындыра аламыз,қандай ағынды суды қарсы кешіп өте аламыз?Әрине сұрақ өте көп,алайда толық қанағаттандыра алатын жауаптарда жетерлік…

Салауатты өмір салты адам бейнесінің тап-таза мінсіз айнасы.<Шынықсаң шымыр боларсың> деген ұлы халық даналығы бар емес пе? Сан ғасыр бұрын хас батырлардың кезінде тәннің саулығына ерекше мән берген, тісі алмас қылыштай ер түріктің ұрпағы.Адам өз өмірінің іргетасының қалаушысы.Салауатты өмір салтын таңдасақ қай кезде болсын сергектікте боларымыз анық.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті тәуелсіз мемлекетіміздің түп тамырының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында ел халқының 30%-ы салауатты өмір салтын ұстануы тиіс деп жолдау жасаған болатын. Бұл бағдарлама тың бағыт-бағдары терең, айқын мақсаты мен айшықты мүддесі бар, ғаламат жоба екені бесенеден белгілі.Салаутты өмір салтын біз өзімізге спорт арқылы сіңірентін болсақ онда бұл процесс нұр үстіне нұр болары анық.Күнде таңертең тәулігімізді аздаған уақыт жүгірумен бастасақ тіпті төбемізді қаптаған қара бұлттың да арасынан күн күлімдері анық.

Темекінің тұқылы-өзі кішкентай болсада зияны төрткүл дүнтенің түкпір-түкпірін зар қақсатып отырған адам денсаулығының баста жауларының бірі.<Жаны саудың-тәні сау>деген халық даналығы.ертеде ұрпағына осындай керемет даналық өсиет қалдырған ата-бабаларымыз дөпте,нақ айтқан.Темекісіз,ішімдіксіз өмір тәніміздің саулығының бірден бір кепілі,салауатты өмірді сақтаудың керемет бедерлі дәлелі.Ғалымдардың дәлелі бойынша темекіден әлем халқының жиырма пайызы зиян шегіп,бұл будақтаған түтін әлем халқының бестен бір бөлігін денсаулық дейтін ғажап бақтан алыс әкетуде.Енді кішкене салыстыру жасай кетсек,өзіміздің денсаулығымызды құртып жүрген темекі дейтін дүниеге адамдар орташа есеппен бес жүз теңге жұмсайды деп есептейік.Бір айда біздің қалтамыз он бес мың теңгеге жұқарады екен.Ал бұл соманы өзге жақсы іске жұмсасақ қандай пайда көре алады біздің ағзамыз.Біз бұл ақшаға бір ай фитнес клубқа барып,тән мен жан сымбатыңызды әсемдейсіз. Темекінің түтінімен уланған өкпеңіз керемет деңгейде жұмыс жасай алатындай қарулы етесіз. Немесе бір ай бойы энергия сыйлайтын дәмді де пайдалы жеміс-жидек, көкеністермен өзіңізді алаңсыз қамтамасыз етесіз.Таңдау өз еркіңізде жадырап,күлімдеп тұрған күннің соңынан еруде,зияны да тікені де мол тас түнекке бағыттауда өз қолыңызда.Әрине біз салауатты өмір салтын таңдаймыз.Өзіміздің энергияымызды тек жақсы іске жұмсаймыз.

Қорытындылай келе, адам баласы өз өмірін дұрыс бағытқа салуы міндетті.Біз өз-өзіміздің арманымыздың Эверестіне жету үшін салауатты өмір салты бірден-бір даңғыл жол.Ең бастысы біз өзімізді жеңе білсек,өз қанымызда жүгіріп жүрген жалқаулық вирусымен алысып,дұрыс бағытқа бет бұруға көндіре алсақ,міне нағыз салауатты өмір салтының алтын қақпасы.Салауатты өмір салты тек зиянды нәрселерден аулақ болу емес.Ол жақсы адам ретінде жан дүниемізді тәрбиелеу,өзіндік жақсы мінез қалыптастыру,ізгі дүниелер жасай білу.Салауатты өмір салты спортпен бірге тыныстау.Спортпен талай жетістікке жетуге болады.Біз спорт арқылы өз өмірімізді жарқын да,жарық ете аламыз.Салауатты өмір салтының келесі сатысы зиянды заттардан аулақ болу.Өзімізді бізге пайдасы жоқ,зиянды заттардан аулақ ұстау.Темекі секілді түтіні қараңғыға бастайтын тас түнектен сақтану.Міне осының бәрі біздің өмір сүру процессіміздің алтын сақтаушысы. Латын елінің аса танымал,белді мемлекеттік қызметкері былай деген екен: Көп жасау-деннің саулығы. Бұл сөзбен барша адамзат қауымын салауатты өмір салтына шақырып,кішкене өлең жолын арнағым келіп отыр:

 

Салауатты өмір салты серпіліс,

Спортпенен  аламыз біз кең тыныс.

Темекімен ластанғанша тәніңіз

Шынығумен әсемденсін көркіңіз.

 

Спорт деген адамзаттың гүл бағы,

Тазалыққа айшық беріп тұрғаны.

Жер бетінде қалып қоймас суырдай,

Бүркіт болып, патша атанғын шыңдағы.

 

Салаутты өмір сүргін достарым ,

Тағдыр жолың қамшы баудай қасқағым.

Отыз пайыз меже қойған мақсатқа ,

Нұрағамда еміс-еміс қосқан үн.

 

Ойымызда тек биікке ұмтылыс,

Еш жақсыдан қапы қалмас тымтырыс .

Қазағымда бекем жастар мол болып,

Басын иер  алты алашқа күн шығыс.

 

Салаутты өмір салтын қолдайық,

Бұл ұранды сан ғасырға жолдайық.

Шымыр болып, қуат алып спорттан,

Лас дүниенің құрбандығы болмайық.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған